Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Басқарма басшысы

Руководитель управленияАтырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың өкімімен Ақылбек Аманбайұлы Рысқалиев Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ақылбек Рысқалиев 1971 жылы Атырау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын «мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастырушы-әдіскер», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «жергілікті-мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Алғаш еңбек жолын кәсіби мамандығы бойынша Исатай аудандық мәдениет бөлімінде ұйымдастырушы-әдіскер қызметінен бастап, аға әдіскер, әдіскерлер орталығының меңгерушісі, Аққыстау халық театрының режиссері, аудандық мәдениет үйінің директоры болып жалғастырған. Мемлекеттік қызметте аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, тағайындалғанға дейін Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет жасаған.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2000-2006 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін қоса атқарған. Жанұялы, 4 баласы бар.


Мақаланың шыққан күні: 16.06.2016 09:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2020 10:54

Қаралым саны: 5006