Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Басқарма басшысы

Арыстанова Гульбаршын Жулдасовна

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

 

Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызы

 

Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызы 1965 жылы 18 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары.

Бируни атындағы Ташкент политехникалық институты (1987ж), инженер-технолог;

Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті (2013ж.), кадастр бакалавры;

Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті (2014ж), экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолы:

Г.Ж.Арыстанова еңбек жолын 1991 жылы Тұрғын үй шаруашылығы тресінде мастерліктен бастаған. Мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2002 жылы Атырау облысы Құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаментінде бөлім бастығы лауазымынан бастап, 10 жыл Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасында басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылғы 11 шілдеден бастап Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Наградалары:

Атырау облысы әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен марапатталған.

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызы өзінің табысын, дүние-мүлкін жария етеді.

Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызының айлық жалақысы - 215 700,59 теңге. Гүлбаршын Жолдасқызы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінге мерзімдегі жылдық табысы 3 041 352,00 теңгені құрады. Одан мемлекетке жалпы көлемі 260 624,00 теңге салық төлеген. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды. Гүлбаршын Жолдасқызына шетелдік банктерде есеп шоттар ашылмаған, көрсеткен табысының шынайылығын және толықтығын растайды.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 12:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.08.2017 06:45