Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Сұлтанғалиева Айгүл Бердешқызы 1963 жылы 6 шілдеде дүниеге келген.   Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі. 

Мамандығы бойынша – биология пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолы:

1986 – 2003 жылдар аралығында   Орал облысы, Тайпақ ауданы Заурал орта мектебінде, Гурьев қаласы, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде, Махамбет ауданының  О.Шонаев атындағы орта мектептерінде   ұстаздық еңбек етті. Жоғарғы санатты мұғалім.

2003 - 2004 жылдары Махамбет  ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;          

2005 жылы Махамбет  аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы; 

2006-2009 жылдары Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы; 

2009 - 2012 жылдары Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.

2012 жылдың 22 қарашасынан бастап Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Жетістіктері, марапаттары:

«Қазақстан жыл мұғалімі-2002» Республикалық сайысының жеңімпазы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ш.Беркімбаеваның Алғыс хаты және қабылдауында болуы.

Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауында болуы.

Атырау облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы

Аудан әкімінің, облыстық   басқармалардың Алғыс Хаттары 

Жанұялы, отбасында 3 бала тәрбиелейді. 


Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абуталина Айгүл Болатқызы 1985 жылы қаңтар айының 11 жұлдызында Махамбет селосында дүниеге келген.

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің «Әлем тілдері» факультетінің түлегі.

 Мамандығы бойынша «Шетел тілі: екі шетел тілі» пәнінің мұғалімі.

 Еңбек жолы:

2008 жылдан Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасайды.

 Жанұялы, отбасында 5 бала тәрбиелеуде

 


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 12:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 12:03