Array Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысыБөлім басшысы: Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы

Қызметтік телефон: 8/71234/2-11-36

Электрондық поштаkultura_politika@mail.ru

Қабылдау күні: жұма

Ескерту: азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау алдын ала жазба бойынша жүзеге асырылады, байланыс телефоны: 8/71234/2-11-99

 


Бөлім басшысының қысқаша өмірбаяны

Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы 1974 жылы 20 қаңтарда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.1990 жылы Индер ауданы Бөдене ауылындағы Бөдене орта мектебін бітіріп, 1991 жылы Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетіне түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ауданның білім саласында 17 жыл ұстаздық еңбек етті. Ш.Уәлиханов, М.Әуезов атындағы орта мектептерде мұғалім бола жүріп, өнерден қол үзген жоқ. Аудандық, облыстық басылымдарда жазған мақала, эссе, басқа да шығармалары жарық көрді. 2009 жылы ҚР Журналистер Одағына мүшелікке енді. 2010 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2011 жылы аталған бөлімнің бөлім басшысы болып тағайындалды. 2013 жылдан бері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып мемлекеттік қызметте қызмет атқарып келеді. Атырау облысы әкімдігінің, Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың, ҚР Жазушылар Одағының және республикалық мәдениет,спорт, баспасөз қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаттарымен және ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның Алғыс хаттарымен және «Қазақстан мәслихаттарына-20 жыл!» мерекелік медалімен марапатталған.

 


Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымы

Бөлім мамандары

Байланыс телефоны: 8/71234/2-11-99

Электрондық пошта: kultura_politika@mail.ru


Мақаланың шыққан күні:: 11.07.2016 15:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2016 15:19