Array Бөлім басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Бөлім басшысы

Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы
Андашев Ержігіт Сағынұлы

1957 жылы 30 қыркүйек айында туған. Ақтөбе педогогикалық институты, Қазақ спорты және туризм академиясы бітірген.

Маман бойынша – математика пәнінің мұғалімі, дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт Еңбек жолын 1981 жылдың ақпан айынан бастап Атырау қалалық №1 орта мектебі, математика пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен.

1981 жылдың шілде айында, Махамбет аудандық ДОСААФ комитетіне спорт нұсқаушысы болып жұмысап, жұмыстарының жемістері үшін аудандық, облыстық, Республикалық ДООСАФ комитеттерінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған.

1983 жылдары Махамбет аудандық советінің «Қайрат» спорттық ерікті қоғамы төрағасы болып, Республикалық «Қайрат» спорт қоғамдарының алғыс хаттары мен марапаталаған.

1985 жылдары Махамбет арнайы мектеп –интернаты, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

1992 жылдары Махамбет аудандық советінің «Қайрат» спорттық ерікті қоғамы төраға қызыметін атқарған.

2001 жылдары «Отан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарған.

2001-2003 жылдары Махамбет аудандық жастар, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі болып, Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агентінен мақтау қағаздарымен марапатталды.

2011 жылың наурыз айынан бастап №2 олимпиада резервіне мамандандырылған балалармен жасөспірімдер мектебінде, оқыту жұмыстары жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс атқарған.

2011 жылың қыркүйек айынан бастап №2 олимпиада резервіне мамандандырылған балалармен жасөспірімдер мектебінің аға бапкері болған.

2011 жылдың қазан айында Облыстық арнаулы мектеп-интернаты нда, тәрбиеші болған

2011 жылдың қазанында Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2012 жылдың маусымнан бастап Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы қызметінде.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгереді.

Үйленген, үш бала тәрбиелейді.


Мақаланың шыққан күні:: 30.09.2016 12:47
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.09.2016 12:47