Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты басшысы

Нсанғалиев Алтынбек БухарзаұлыНсанғалиев Алтынбек Бухарзаұлы 1955 жылы 2 қаңтарда Гурьев облысының Еспол ауданына қарасты Өрлік селосында дүниеге келген.

Абунасыр Аль Фараби атындағы мәдениет институтын және Гурьев ауылшаруашылығы техникумын бітірген. Негізгі мамандығы жоғары дәрежедегі мәдениет қызметкері. Қосымша мамандығы бухгалтер аудитр.

Индер борат руднигінің «Борат» мәдениет сарайының директоры, аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, аудандық кинофикация мекемесінің директоры, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Атырау облыстық мәдениет жөніндегі комитетінің төраға орынбасары, Махамбет атындағы қазақ драма театрының директоры, «Эмбамұнайгаз» бірлестігіне қарасты тұрғын үй құрылысы және жөндеу басқармасы кәсіподағының төрағасы, «Каспий мұнай байланыс» кәсіпорынының кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қазақстан Азаматтық партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы директоры, Атырау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың маусым айының 27-нен бастап Атырау облыстық мемлекеттік архив басшысы.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Еліміздің «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальдарының иегері. Кәсіподақтың арнаулы медалінің иегері. «Құрметті спорт ардагері» және Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгілерінің иегері. Республикалық «Про спорт Казахстана» және облыстық «Атырау» газеттерінде жұмыс жасай жүріп, спорт тақырыбында жазылған 3 кітаптың авторы атанған.

Жанұялы, төрт баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.11.2016 17:36