Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Аты-жөні: Баспаев Ернар Жеңісұлы

Лауазымы: Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы

Қабылдау күні: Жеке мәселе бойынша қабылдауға алдын ала жазылу жүргізіледі

Қызмет телефоны: 8 (7122) 354-092

Мекен-жайы: 060000, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77

Е-mail: atyrau_akimat@global.kz

Баспаев Ернар Жеңісұлының қысқаша өмірбаяны.

Баспаев Ернар Жеңісұлы 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң институтын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңгер, экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінде жетекші маман болып бастаған. Кейін осы комитетте бас маман, басқарма бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс жасап келіп, ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне Тұрғындарды тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы басқармасы бастығының орынбасары болып ауыстырылды.

2006 жылы ҚР Жоғары сот әкімшілігі жөніндегі комитетінде Облыстардағы соттар мен әкімшілердің қызметін ұйымдастыру департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, кейін осы бөлімнің бастығы қызметтерін атқарды.

2007 - 2010 жылдары аралығында ҚР Жоғары Сотына ауыстырылып,  сот билердің қорғанысын қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, бас консультанты, ұйымдастыру-талдамалық және сот мониторингі бөлімдері меңгерушілерінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2010 жылғы сәуір айынан бері Атырау облысы Әділет департаментінің  басшысы. 


Мақаланың шыққан күні:: 14.06.2016 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.01.2017 13:07