Array Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Джанканов Махмут Нигиметұлы

Мен, Джанканов Махмут Нигиметұлы 1954 жылы 6-шы маусымда Гурьев облысы, Теңіз ауданы Қошалақ ауылында туғанмын. Ұлтым қазақ 1961 жылы мектепке барып, оны 1971 жылы бітіргеннен кейін, Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан ауылшаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1978 жылы ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы экономист мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1978 жылдың мамыр айынан 1980 жылдың сәуір айы аралығында Ганюшкин селосы, аудандық ауылшаруашылығы басқармасында экономист, 1980 жылдың сәуір айынан 1988 жылдың қазан айына дейін бас эконосмист, кейін 1990 жылдың наурыз айына дейін кәсіподақ комитетінің төрағасы болып, Алға селосында «Коммунизм жолы» совхозында қызметтер жасадым. 1990 жылдың наурыз айынан 1994 жылдың қараша айына дейін аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде, кейін ауылшаруашылығы басқармасында бастықтың орынбасары қызметтерін атқардым. Осыдан 1996 жылдың ақпан айы аралығында Нұржау селолық округі әкімі, 1996 жылдың наурыз айынан 2000 жылдың қаңтарына дейінЕңбекші селосында «Ақжонас» ӨК-інде экономист-юрист, бас есепші жұмыстарын атқардым, 2000 жылдан 2001 жылдың ақпан айына дейін Ганюшкин селосы аудандық аймақтық басқарма бас есепшісі, 2001 жылдың ақпан айынан 2002 жылдың тамыз айы аралығында «Сүйіндік» ААҚ-ы президенті. 2002 жылдың тамыз айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін Сафон селолық округ әкімі, 2006 жылдың наурыз айынан Ганюшкин селосы аудандық ауылшаруашылық бөлімінде бас маман, 2010 жылдың сәуір айынан осы бөлім басшысымын.

Үйленгенмін, жолдасым Қазиева Римма 1955 жылы туған. Отбасымда және ағайын-туыстарымда шетелде тұратын және сотталғандар жоқ. Әскери міндеттімін.


Мақаланың шыққан күні:: 14.03.2017 16:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.03.2017 16:11