Array Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.04.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы

Кадыров Бауыржан Нурлыгалымович 1978 жылы 21 маусымда Гурьев облысы Теңіз ауданы Еңбекші селосында дүниеге келген.

1985 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданы Еңбекші орта мектебіне 1 сыныпқа оқуға барған, 1995 жылы осы мектептің 11-сыныбын бітірген ол, сол жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе есеп-сауда колледжіне оқуға түскен. 1997 жылдың маусымында аталған оқу орнын бітіріп, бухгалтер мамандығын алып шықты.

1997 -2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте жоғары білім алып, қаржыгер мамандығын алып шықты.

1999-2002 жылдары аралығында Ганюшкин селолық округінде бас маман есепші;

2002-2005 жылдары аралығында аудандық қаржы бөлімінде бас маман;

2005-2009 жылдары аралығында Аудандық мәслихат аппаратында бас маман;

2009-2011 жылдары аралығында аудандық мәслихат депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы;

2011-2012 жылдары аралығында аудандық жұмыспен қамту орталығының орталығының директоры;

2012 жылы Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы;

2012-2015 жылдары аралығында аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2015 жылдың 30 сәуір айынан бастап қазіргі күнге дейін Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 7 бала тәрбиелеуде.

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тегі, аты-жөні Қызметі Телефон Эле почта
Кадыров Бауыржан Нурлыгалымович Бөлім басшысы 8(71233) 2-07-47 kur_raipred@mail.ru
Махсутов Кайсар Еркинович Бас маман 8(71233) 2-06-38 kur_raipred@mail.ru
Жагпарова Зоя Хайроллаевна Бас маман-есепші 8(71233) 2-06-38 kur_raipred@mail.ru

индекс 060400, Ганюшкин ауылы, Испуллаев көшесі, 66

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі – (бұдан әрі – Бөлім) ауданның кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлімнің құрылтайшысы «Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

2015 жылдың 27 наурызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің №118 қаулысына сәйкес «Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен «Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылып, 2015 жылы 26 мамырда заңды тұлға ретінде тіркелді.

2016 жылыдың 22 маусымда аудан әкімінің №242 қаулысына сәйкес «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертіліп, 2016 жылы 12 шілдеде заңды тұлға ретінде қайта тіркелді.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Миссиясы:

Бөлім жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асыруда.

Міндеттері:

1) аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасауды;

2) заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.

Функциялары:

жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;

белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және арыздарды қарайды;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді қамтамасыз етеді;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;

аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

балалар және жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға көмек көрсетеді;

туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;

аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;

жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Құқықтары мен міндеттері:

Құрманғазы ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен кеңестер өткізу;

белгіленген тәртіппен аудандық атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Бөлімнің өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;

белгіленген тәртіппен Бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;

бұқаралық ақпарат құралдарына Бөлімнің қызметі туралы ақпарат беру;

қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;

белгіленген тәртіппен аудан әкіміне Бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын әзірлеу;

бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімдігінің мүддесін білдіру;

өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге;

аудан әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.


Мақаланың шыққан күні:: 14.03.2017 17:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.03.2017 17:44