Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы

Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысыӨМІРБАЯН

Мен, Кубаева Гульфара Утемисовна, 23.12.1962 ж. Гурьев (Атырау) обл. Теңіз (Құрманғазы) ауданы Приморье селосында дүниеге келдім. 1970 жылы Приморье селосындағы Гагарин атындағы орта мектептің 1-інші, сыныбына қабылданып, 1978 жылы 8-інші сыныпты бітірдім. 1978 ж. Ганюшкино селосындағы Ломоносов Атындағы орта мектептің 9-ыншы сыныбына қабылданып, 1980 ж. 10-сыныпты бітіріп шықтым. 1980 ж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутына түсіп, 1985 жылы «орыс тілі, әдебиет пәні мұғалімі» мамандығын алып шықтым. 1985 ж. Морской селосындағы Карл Маркс мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа қабылдандым. 1985-1988 жыл аралығында мамандығым бойынша Ломоносов атындағы орта мектебіне, кейін Каспий сегізжылдық мектебінде жұмыс жасадым. 1988-1992 жылдары арасында аудандық білім бөлімінде кітапхана қорының кейін орыс тілі, әдебиетінің методисі жұмысын атқардым. 1992-2003жж. Ганюшкино мектеп интернатында оқу ісінің меңгерушісі болып, 2003-Ломоносов атындағы орта мектептің, 2003-2013 жж. Б.Бегалиев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасадым. 2014-2017 жж. Аралығында Б.Бегалиев атындағы орта мектеп директоры қызметін атқардым. 2017 ж сәуір айынан бастап аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс жасаймын.

Әкем Кубаев Утемис Гурьев облысы Теңіз ауданы Дыңғызыл селосында 1924жылы дүниеге келіп, 1998 жылы дүниеден өтті.

Анам Сарсеева Кулшат Гурьев облысы Теңіз ауданы Дыңғызыл селосында 1925 жылы дүниеге келіп, 2004 жылы дүниеден өтті.

Жанұялық жағдайым- отбасын құрмаған.

Тұрақты мекен-жайым: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, нажмеденов көшесі, 21 үй.

 


Мақаланың шыққан күні:: 27.07.2017 02:21
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.07.2017 02:21