Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Ресейлік компаниялар аймақтағы тамақ өнеркәсібін дамытуға қатысуға мүдделі

Российские компании заинтересованы участвовать в развитии пищевой промышленности регионаАғымдағы жылдың 13-14 қаңтарында Екатеринбург қаласының (Ресей) тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерімен бірге PRO және Keiterburg компанияларының бас директорлары Атырау облысына келді.

Компания өкілдері Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен, Атырау қаласының әкімі және департаменттердің басшыларымен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік нысандардың тамақтану пункттерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ресейлік кәсіпкерлер екі аймақтың кәсіпкерлері арасында байланыс орнату мақсатында Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті.

Кейін Ресей кәсіпкерлері «АтырауНефтьМаш» ЖШС мұнай жабдықтарын өндіретін Атырау зауытына, сондай-ақ «Амангелді» ЖШС балық өңдеу зауытына барды.

Сапардың нәтижесі «Колизей» ЖШС директоры Андрей Кораблев пен «Жайық-Бетон» ЖШС директоры Ибрагим Алиповпен іскерлік кездесу болды.

Ресейлік бизнес делегацияның сапарын Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырды.

Российские компании заинтересованы участвовать в развитии пищевой промышленности региона


Мақаланың шыққан күні: 25.10.2019 10:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.10.2019 10:10

Қаралым саны: 327