Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

ҚР Президент Жолдауының орындалысы

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (pdf 3.06 МБ)

 

ЖОЛДАУ ОРЫНДАЛЫСЫ

Қаржы басқармасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шараларын қаржылық қамтамасыз етуге 2012 жыл барысында мониторинг жүргізілді, оның ішінде;

«Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары  шеңберінде жұмыспен қамтуды іске асыруға 2  млрд 855 млн  теңге жоспарланып, орындалуы 2 млрд 797 млн теңгені құрады немесе 98,0 пайыз.

Тұрғын үй құрылысына облыс бойынша 6 млдр 567 млн теңге жоспарланып,6 млдр 339 млн теңгесі игелілді немесе  96,5 пайыз.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына 1 млрд 037 млн теңге бөлініп, 633 млн теңгесі  игеріліп немесе 61,1 пайызға орындалып отыр.

 

Атырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасы

 

облыстық басқарманың алынған бұйрығымен іс-шара жасақталып, басқармаға қарасты мұрағат мекемелерімен іс-шараны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні облыстық телеарнаның «Әлеумет» бағдарламасында басқарма бастығымен сұхбат беріліп, онда Елбасының Жолдауында айтылғандай тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда мұрағат саласында атқарылып жатқан жұмыстар, оның ішінде «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметіне халықтың электрондық форматта қол жеткізуі және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу мүмкіндігі туралы кеңінен хабарланып, ақпараттандырылды. Сонымен қатар наурыз, сәуір айларында облыстық және аудандық газеттерде арнайы мақалалар беру, қазан айында интернет-конференция өткізу жұмыстары жоспарланып отыр.

 

Атырау облысы Білім беру басқармасы

 

Атырау облысы Білім беру басқармасының Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын іске асыру бағытындағы жұмыстары туралы ақпарат

Облыстық білім беру басқармасы Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және оны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 қаулысын жүзеге асыру бойынша Басқарманың іс-шаралар жоспары әзірленді.

Осы жоспарға сәйкес Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіру және талқылау бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыс шеңберінде Елбасының Жолдауын және ҚР Прмьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың қатысуымен өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде берілген тапсырмаларды орындауда Атырау қаласы және аудандарда бекітілген кестеге сәйкес 15-23 ақпан аралығында қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің алқа отырыстары өтті. Бұған қала, аудандар әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті жерлердегі депутаттар, алқа мүшелері, білім саласының ардагерлері, бөлім қызметкерлері, мектеп директорлары, қоғамдық ата-аналар кеңесінің өкілдері, жас мұғалімдер қатысты.

2012 жылғы 12 наурыз күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары М.Исмұратовтың қатысуымен облыстық білім беру басқармасының кезектен тыс кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселе - Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын білім берудің басым бағыттары туралы.

Алқа отырысына қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің басшылары, облыстық мектептер директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары М.Исмұратов өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы он бағыты, соның ішінде білім саласының алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы С.Есенғалиев баяндамада 2011 жылы республика және облыс көлемінде білім саласындағы жетістіктер мен жасалған жұмыстарға шолу жасап, 2012 жылы Жолдау аясындағы білім берудің басым бағыттарына тоқтады.

Жарыссөзге облыстық кадарлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт директоры Н.Сәрсенова, Махамбет аудандық білім беру бөлімінің бастығы М.Мырзашев қатысты. Н.Сәрсенова биылғы Жолдау аясындағы педагог кадрлар біліктілігін арттыру жүйесіндегі өзгерістермен таныстырды.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында педагогикалық шеберлік орталығы, сондай-ақ «Өрлеу» Ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы сияқты жаңа құрылымдар ашылуда. Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын институтының 9 қызметкері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанында педагогикалық шеберлік орталығынан 3 айлық тәжірибе-тағылымдамалық курстан өтуде. Осы тағылымдамалық курстан өткен оқытушылық құрам облыстың 300 мұғалімін 3 айлық курстан өткізеді.

Облысымыздың педагог мамандарына ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету, желілі қатынастық режимінде үздіксіз педагогикалық білім беруді дамыту және педагогтардың өз білімдерін жетілдіруге жағдай жасау мен мұғалімдер мен оқытушылардың шығармашылығына талдау жасалып, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибелері баспасөз беттері арқылы таратылып отырылуы басты назарда.

Жолдауды халық арасында насихаттау мен түсіндіру мақсатында құрылған республикалық ақпараттық-насихаттық топтың (РАНТ) мүшесі - ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.Әлібаева 2012 жылы 14-15 наурыз күндері Атырау облысында халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Жоспарға сәйкес ақпараттық-насихаттық топ 9 бағытта Атырау қаласы мен аудандарға шығып, халықпен кездесті.

РАНТ мүшесі - ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.Әлібаева бастаған топ 14-15 наурыз күндері Атырау қаласында 2 жерде: №3 орта мектеп пен №13 ұлттық гимназияда болып, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, қалалық білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, мұғалімдер, ата-аналар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.О.Әлібаева ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын басты бағыттар мен міндеттер» тақырыбында баяндама жасап, білім саласына берілген басым бағыттар мен алда тұрған міндеттер, Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі, Жолдауды іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының бестен бір бөлігі білім және ғылым мәселесіне арналғанын (61 тапсырманың 12-сі), осының өзі білімге баса назар аударылғанының айқын дәлелі екендігі туралы нақты дәлелдер арқылы түсінік беріп өтті.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың құрамындағы облыстық білім беру басқармасының бастығы С.Есенғалиев осы кездесуге қатысып, өз тарапынан сауалдарға жауап берді.

Қатысушылар тарапынан Елбасы Жолдауы бойынша жоспарланған іс-шаралар, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен Елбасы Жолдауын облыс жұртшылығы, соның ішінде білім саласы қызметкерлерінің толық қолдайтындығы туралы пікірлер ортаға салынды.

Мұнан соң ақпараттық-насихаттық топ Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында, №13 ұлттық гимназияда қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Қоғамдық қабылдауда азаматтар берген барлық сауалдарға ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.О.Әлібаева жауап беріп, барлық сұрақтар қанағаттандырылды.

Осы қабылдаудан кейін облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері мен «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тілшілеріне сұқбат берді.

14 наурыз күні облыстық «Ақбота» балалар үйі, облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы мен облыстық кәмелетке толмағандарды оңалту орталығының қызметімен танысып, ұжым мүшелерімен, тәрбиеленушілермен кездесті. Осы күні сағат 19.30-да облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Әлеумет» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирден берілген көрермен сұрақтарына жауап берді.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ құрамының біріндегі облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары З.Дүйсекенова Атырау қаласы, Балықшы, Жұмыскер кенттерінің тұрғындарымен кездесіп, білім саласындағы жұмыстар мәселесі жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

2 наурыз күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кәсіпқор» Холдингі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметімен танысу үшін Атырау облысында іс сапарымен болып, политехникалық колледж, №2 кәсіптік лицей, №6 кәсіптік лицей, АДЖИП ККО компаниясының оқу орталығының материалдық-техникалық базасымен, Атырау қаласында Мұнай және газ саласының мамандарын даярлайтын және қайта даярлайтын 700 орындық өңіраралық кәсіптік орталықтың құрылыс барысымен танысты.

Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау бойынша білім беру ұйымдарында ұжым жиналыстары, сынып сағаттары өткізіліп, кітапханалар, сынып бөлмелерінде, мектеп дәліздерінде Жолдауды насихаттау жөнінде көрмелер, бұрыштар рәсімделуі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттер беттерінде Жолдау аясында облыстық білім беру ұйымдарының, білім беру бөлімдерінің пікір-мақалалары жариялануда.

Жолдау аясында және Басқарманың іс-шаралар жоспарына сәйкес сәуір айында «Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет Басшысы Жолдауын іске асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының жүзеге асырылуы

 

Биылғы жылы Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарламаның «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты бойынша:

- Кәсіби оқуға – 1380 адам;

- Қайта даярлауға – 500 адам;

- Біліктілігін арттыру – 150 адам;

- Әлеуметтік жұмыс орындарына – 640 адам;

- Жастар тәжірибесіне – 533 адамды жіберу жоспарланды.

Бірінші бағыт бойынша 644,3 млн,теңге қаражат игеру қарастырылып, 3203 адамды қамту жоспарлануда.

Бағдарламаның «Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша өз ісін ашу немесе кеңейту мақсатында шағын несие алуға 218 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқылытып, 255 адам несие алуға және 23 адамға инфрақұрылым – коммуникациялық шығындары қаралды.

Бұл бағыт бойынша 431,2 млн.теңге бөлінді.

Бағдарламаның «Еңбек ресурстарының жеделділігін көтеруге» үшінші бағыты бойынша әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуеті жоғары елді мекендеріне 60 отбасын (300 адамды) көшіру жоспарланды. Бұл бағытта 595,0 млн.теңге игеру жоспарланып, қазіргі уақытта анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы бағдарламаға ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамытуға төртінші бағыт енгізіліп, оған 376,1 млн.теңге бөлініп, 188 адамды қамту жоспарланып отыр.

 

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы»  ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының 2012 жылғы 17 ақпандағы №01-38.30 бұйрығына сәйкес республикалық ақпараттық - насихаттау тобы 14-15 наурызда қызметтік іс сапармен Атырау облысына келіп кетті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары  Қ.Тыныбеков бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Атырау қаласында, Геолог, Жұмыскер, Балықшы поселкелік округтерінде, Жылыой, Құрманғазы, Махамбет, Индер және Мақат аудандарында  болып, тұрғындармен кездесті, қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің 15, 17 наурыз күнгі сандарына «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «За строкой Послания» арнаулы беттерінде республикалық АНТ жұмыс сапары туралы   21 жарияланым шығарылды. Облыстық телеарнаның «Жаңалықтар» топтамасынан РАНТ мүшелерінің Атырау қаласы және аудандарда болуы туралы 12 хабар беріліп, 9 сұхбат ұйымдастырылды.

РАНТ мүшесі ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.Әлібаева облыстық телеарнаның «Әлеумет» бағдарламасына қатысып, жұртшылықтың сауалдарына жауап берді.

Облыс әкімінің 2012 жылғы 14 ақпандағы «Ел Президентінің  2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» №3 шешімінің  Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі құрамында 67 мүшесі бар 8 ақпараттық-насихаттау топтарының облыс өңірлеріне шығу кестесі кезең-кезеңге бөлініп жасақталған.

РАНТ мүшелерімен бірге облыстық ақпараттық-насихаттау топтарының мүшелері де елді мекендерде болып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу аясында ұйымдастырылған шаралармен  3000-ға жуық адам қамтылды.

 

Атырау облысы Каржы басқармасы

 

«Атырау облысы бюджеттік қаржылардың 2012 жылғы 6 айдағы игерілу қортындылары жөнінде» интернет-конференциясы 2012 жылдың шілде айына және бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу 2012 жылдың тамыз айына жоспарланғанын хабарлайды.

 

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы интернет конференция өткізу мен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жұмыстарының ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланғанын хабарлайды.

 

Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

 

Басқармада, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы барлық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен тыңдалды.

Жолдауда көрсетілген іс-шарларды орындау мақсатында, 2012 жылдың мамыр айында «Прикаспийская коммуна» газетіне басқарма бастығының «Ел қауіпсіздігі-болашақ кепілі» атты мақаласын жариялау және басқарма бастығының «Атырау облысындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар» тақырыбындағы интернет-конференциясын өткізу жоспарлануда.

 

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын іске асыру бағытындағы жұмыстары туралы ақпарат

 

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және оны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 қаулысын жүзеге асыру бойынша Басқарманың іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда. Осы жоспарға сәйкес, азаматтарды мемлекеттік тілге ақысыз оқыту бойынша курстар ұйымдастыру туралы конкурстық хабарлама жарияланды, 3 мемлекеттік органда тіл заңнамасының орындалуы тексерілді, Құрманғазы ауданындағы ономастикалық жұмыс пен көрнекі ақпараттың ахуалына тексеру жүргізілді, «Кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Бұл өткізілген шаралар веб-сайттың жаңалықтар бөліміне енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы барлық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен тыңдалды.

Сонымен қатар облыстық газеттерге тіл саласы бойынша мақалалар беру, маусым айында интернет-конференция өткізу, тілді, рухани құндылықтарды, патриотизмді насихаттауда жастармен жұмыс жүргізу, тіл саясаты мәселелері бойынша студент жастардың азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған шара ұйымдастыру, көрнекі ақпаратта мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, облыстағы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуына мониторинг жүргізу, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бойынша жұмыстар ұйымдастыру осы жоспарда қарастырылған.

 


 

Жергілікті жерде тіл саясатын жүзеге асыру аясында және Тіл басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 13 сәуірде облыс әкімінің орынбасары С.Айдарбековтің төрағалығымен Тілдер туралы заңнаманы және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

ҚР-ның «Тіл туралы» Заңының, Атырау облысы әкімінің «Атырау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» шешімінің 3 аумақтық инспекция, департаменттерде орындалысы туралы мәселелер қаралды.

Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселе,  жалпы тілге  қатысты өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Мәжілісті қорытындылай келіп, Үйлестіру кеңесінің төрағасы С.Айдарбеков мемлекеттік органдарда тіл заңнамасының талаптары қатаң сақталуы тиіс екендігіне баса назар аударды.      

Мәжілістің қорытындысымен Үйлестіру кеңесінің шешімдері қабылданып, орындау үшін 


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 10:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 10:00