Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.08.2017

Қызметтер

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі, Жұмыскер ауылы, телефондар: 23-12-20, email:akimat.zhymusker@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.07.2016 ж., аяқталды – 31.12.2016 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2016 жылдың ІІ жартыжылдық қызметіне.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Жұмыскер ауылдық округінде орналасқан жер теліміне уақытша немесе жеке меншік құқық округ әкімі Шешімімен беріледі. ІІ жартыжылдықтың басында осы шешім жобасын дайындайтын органды анықтау мәселесі бойынша Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппараты мен Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі арасында дау туындаған болатын. Аталға мәселенің оң шешімін табу мақсатында Атырау қалалық прокуратурасына әкімшілік тарапынан хат жолданып, прокуратура заң талаптарына сәйкес шешім жобасын қалалық жер қатынастары бөлімі дайындауға тиіс деп шешті.

Жұмыскер ауылында ит ату мәселері дау болды. Қалалық ветеренария итті атудан бас тартып, әрбір округ өздеріне қарасты қаңғыбас ит, мысықтарды өзі атады деп, бірнеше рет хат жіберген болатын. Алайда ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің бұйрығында көрсетілгендей қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады деп көрсетілгені жөінде хат жолданды. Содан соң қаңғыбас ит, мысықтардың мәслелесі қала әкімшілігімен шешімін тапты.

 

ІІІ.Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратында 2016 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.


Мақаланың шыққан күні:: 30.01.2017 11:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 11:31