Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» ММ

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайлар анықтау.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау қаласы, Геолог ауылы, телефондар 87122/390855, 87122/390891, email: geolog_so@mail.ru.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізу кезеңі: басталды – 01.07.2017 жыл, аяқталды – 20.12.2017 жыл.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың ІІ жартыжылдық кезеңі

 

ІІ. Ақпараттық талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ.

2. Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталған жоқ.

3. Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратында 2017 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қатерінің бар екендігі және сыртқы талдауды қажет етеді деген шешімге келді.

 


 

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдау бойынша талдау анықтамасы

 

Геолог ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық қатерінің талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Геолог ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №103ө өкіміне сәйкес 2017 жылдың 1 шілде – 20 желтоқсан аралығында өткізілді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функцияларды талқылады (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекет басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды.

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша 11 бірлікті құрады. 2017 жылдың 16 тамызында Атырау қалалық аумақтық комиссияның шешімі бойынша жаңадан Геолог ауылдық округі әкімі тағайындалды. Бос орындарға сыртқы конкурс арқылы 2017 жылдың 1 тамызынан бастап 1-жетекші маман, 15 желтоқсанынан бастап 1-бас маман – есепші жұмысқа қабылданды. 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап жүктілік және босануға байланысты 1-бас маман демалыста.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2. Рұқсат етілген функцияларды және бақылау функциялары жүзеге асыру:

2017 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша ауылдық округі әкімі аппаратына жеке тұлғадан 378 (ІІ жартыжылдығында – 195) арыз, заңды тұлғадан 31 (ІІ жартыжылдығында – 8) арыз қабылданды. Барлық арыздар заң талаптарына сәйкес тиісті мекемелерге жолданып, арыз иелеріне жауап берілді. 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында мал басы туралы анықтама және жеке қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама алу үшін ниет білдірген тұрғын болған жоқ. 2017 жылы Геолог ауылдық округі әкімі 103 (ІІ жартыжылдығында – 53) өкім, 314 (ІІ жартыжылдығында – 154) шешім қабылдады.

3. Мүдделердің қақтығыстары:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» (Жер учаскесінің көлемін ұлғайту) бойынша:

Аталған қызметті көрсетудің бизнес-процестері Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 Қаулысымен бекітілген Регламентіне сәйкес реттеледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 25 қазандағы №146 «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізу туралы бұйрығы негізінде «Геолог ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылдың 01 қаңтарынан –2017 жылдың 24 қазан айы аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының және осы Заңға тәуелді актілерінің талаптарының сақталуына ішінара тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысынан кейін жеке және заңды тұлғалардың жер телімін ұлғайту (көгалдандыру, абаттандыру және автокөлік тұрағы) үшін жазған арыздары сыртқы кіріспен тіркеліп, 5 сағат ішінде арыз иесіне және тиісті мекемелерге жолданып отыр. Алайда, тексеруге дейін бұл арыздар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес 3 күн мерзімінде арыз иесіне және тиісті мекемелерге жолданып отырды. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың жер телімін ұлғайту (көгалдандыру, абаттандыру және автокөлік тұрағы) үшін жазған арыздары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» заңына сәйкес «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жататындығы немесе жатпайтындығы анықталған жоқ.

Жоғарыда мазмұндалған негізгі тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің бар екендігі және сыртқы талдауды қажет етеді деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобы:

Ауылдық округі әкімі м.у.а. К.Жакиялиев

Әкім орынбасары Ж.Шаданов

Бас маман – заңгер К.Жумашев


Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017 02:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 02:06

Қаралым саны: 1409