Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.08.2020

Қызметтер

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының 2020 жылдың І жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы, телефондар: 23-30-45, 23-31-52, e-mail: erkinkala2011@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.01.2020 ж., аяқталды – 30.06.2020 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2020 жылдың І жартыжылдық қызметіне.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

*Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша деректер заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ. Округ әкімі аппараты мамандары тарапынан тұрғындардың арызын қабылдау, қарау барысында, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тудыратын тәуекелдердің болу ықтималдығы, оның алдын-алу және жол бермеу мемлекеттік қызметкерлерге қатаң ескертілді.

*Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталған жоқ.

ІІІ.Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратында 2020 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 27.07.2020 16:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2020 16:27

Қаралым саны: 29