Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі – Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 Бұйрығы мен Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 22 қаңтарындағы №9ө Өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтары – 30 маусымы аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ.

2019 жылдың І жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2019 жылғы І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 8 бірлікті құрап, оның ішінде бос орын болған жоқ. Қазіргі уақытта барлық орындар толық.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111-бабының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, тұрғындардың Атырау қалалық жер қатынастарын реттеу комиссиясының 2012 жылы өзінің азаматтарға жер телімін беру бойынша шығарған оң қорытындының күшін жойып, 2017-18 жылдары жаңадан жер телімін беруден бас тарту жөнінде теріс қорытындысы (Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-бабы, 2-тармағы негізінде) негізінде жасақталған округ әкімінің шешімдерімен келіспей сотқа беру фактілері орын алып, нәтижесінде сот тұрғындардың пайдасына шешім шығарып, ал сот шығындарын төлеуді Аппаратқа міндеттеуде.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан 376, заңды тұлғалардан 12 арыз түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланды. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде арыздардың шешімі табылмау, қаралмау немесе мерзімі өтіп кету фактілері анықталмады. Аталған мәселе бойынша ақпарат әр айдың басынан кешіктірмей қалалық прокуратураға жолдануда.

Тұрғындардың көшелерге асфальт жолын салуды, электр жарығы желілерін тартып беруді сұрап жазған арыздары Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабына сәйкес жоғары тұрған құзырлы органдарға мәселенің оң шешімін табу үшін уақытылы жолданып отырғанымен аталған органдардан жауап хаттың келмеуі тұрғындардың орынды наразылығын тудырып отыр.

4) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2019 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Еркінқала ауыдық округінен 50 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Оны елемеген 2 адамның тізімі округке жауапты полиция инспекторына табыс етіліп, олармен Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларына сәйкес қызметтер жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде 2019 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 24-бабы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-бабы, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. №255 Бұйрығының 24-пункті бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019 09:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.08.2019 09:30

Қаралым саны: 587