Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Қалалық білім беру бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және Атырау қалалық білім беру бөлімінін басшысының 2017 жылғы 7 қантардағы бұйрығына сәйкес (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау: Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталды.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың екінші жартыжылдығымен 14 штаттық орында 9 мемлекеттік, 45 келісім шарт негізінде қызметшілер еңбек жасайды, 1 азаматтық қызметкер өз еркімен жұмыстан босап кадр ауысымы орын алған. 5 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды. Тәртіптік жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті-1;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 23 мемлекет қызмет түрінен барлығы 51410 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Талдау нәтижесінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету заңбұзушылық жағдай анықталмаған.

4) Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілер анықталмады;

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың екінші жартыжылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша факт орын алған жоқ.

Алайда, бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызатын әрекеттер болжамы. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4-тармағы, 8-1-тармақшасына сәйкес, қалалық жергілікті атқарушы органы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі туындап отырған мәселе бұл балабақшаларға жолдама беру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою – жергілікті атқарушы органның көрсететін мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №172 бұйрығының 2-бөлігі, 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама кезекке сәйкес беріледі.

БӨЛІМ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУдың барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметін жақсарту жөнінде 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталды. «Электрондық» форматта барынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттер талаптарын бұзудың алдын алу және жол бермеу бойынша нақты шаралары қабылданып, қатаң бақылауда жүргізілуде.

Қалалық білім бөлімі басшысы: С.Аманшиева

 

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Атырау қалалық білім бөлімі ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық білім бөлімі ММ, Атырау қаласы, Азаттық 65 А телефон: 354847, email: gooro_atyrau@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.07.2016 ж., аяқталды – 31.12.2016 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2016 жылдың ІІ жартыжылдық қызметіне.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ;

*Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер келесі салада 1 анықталды:

*Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ.

 

ІІІ.Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратында 2016 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заң бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 


Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 09:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.10.2017 09:13

Қаралым саны: 1550