Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.12.2017

Қызметтер

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы, телефондар: 23-30-45, 23-31-52, email: erkinkala2011@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.07.2016 ж., аяқталды – 31.12.2016 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2016 жылдың ІІ жартыжылдық қызметіне.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ;

*Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер келесі салада анықталды:

Еркінқала ауылдық округінде орналасқан жер теліміне уақытша немесе жеке меншік құқық округ әкімі Шешімімен беріледі. ІІ жартыжылдықтың басында осы шешім жобасын дайындайтын органды анықтау мәселесі бойынша Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты мен Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі арасында дау туындаған болатын. Аталға мәселенің оң шешімін табу мақсатында Атырау қалалық прокуратурасына әкімшілік тарапынан хат жолданып, прокуратура заң талаптарына сәйкес шешім жобасын қалалық жер қатынастары бөлімі дайындауға тиіс деп шешті.

*Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ.

 

ІІІ.Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратында 2016 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымдағы №442 Жер Кодексінің 14-1 және 19 баптары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.


Мақаланың шыққан күні:: 19.01.2017 18:47
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.01.2017 18:47