Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

«Атырау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсынылған ақпарат

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету қызметін қалыптастыру.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Әйтеке би көшесі 77 А 8/7122/27-12-67.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды: 2016 жылдың қаңтар айы аяқталу мерзімі: 2016 жылдың қараша айы

4. Бақыланатын кезең: 2016 жылдың қаңтар-қараша айларындағы Атырау қалалық мәслихат аппаратының қызметі.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Атырау қалалық мәслихат аппараты» ММ – сі төмендегіні хабарлайды.

2016 жылдың 1 қараша жағдайы бойынша аппаратта кадрлар ауысу, тағайындау және бос лауазым орындары болған жоқ.

«Атырау қалалық мәслихат аппараты» ММ – сі штат бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны нақты 6 қызметкерді құрайды. Барлық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге біліктілік талаптар құрастырылып бекітілді. Конкурстық, тәртіптік комиссия құрылған.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы қарашаның 23-індегі заңы қалалық мәслихат аппарат қызметкрлері арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары өткізілді. «Атырау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны тұрақты түрде жарияланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет өткеру кезінде мемлекеттік қызметкерлер әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық, сонымен қатар мәслихат аппаратында мүдделер қақтығысы фактілері тіркелмеген.

Әр аптаның сейсенбісі сайын Атырау қалалық мәслихат хатшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі жұмыс үнемі бақыланады. Қарастыру мерзімдері сақталады, мерзімдері өткен өтініштер жоқ.

Ағымдағы жылдың қараша айына дейін сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған, теріс қылықтары және Әдеп кодексінің нормаларын бұзған оқиғалар бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар тіркелген жоқ.

Бұдан басқа, мәслихат аппаратында нормативтік-құқықтық актілерді уақтылы және сапалы ретке келтіру мақсатында нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингісі үнемі жүргізіледі.

 

III. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін мемлекеттік және жеке мекемелерде іс-шаралар өткізу және бұқаралық ақпарат құралдарымен интернет ресурстарына тұрақты түрде жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер жариялау ұсынылады.


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 11:29
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 11:29