Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсынылған ақпарат

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан облыс аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Атырау қаласы Әйтеке би көшесі 77 8/7122/320363, atyrau-grad71@mail.ru.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды: 2017 жылдың қаңтар айы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қазан айы

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың қаңтар-қазан айларындағы Басқарманың қызметі.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы төмендегіні хабарлайды.

Басқармамен жеке және заңды тұлғаларға келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

- «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»;

- «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру».

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттері қолданыстағы заң талаптарына сәйкес уақытында қабылданды.

Алайда, 2017 жылдың 1 қазанына дейін жеке және заңды тұлғалардан ешқандай өтініштер түскен жоқ.

Сонымен қатар, Басқармада рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.

Басқармаға қатысты 2017 жылдың қаңтар–қазан айларында сот отырысы мен прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ.

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы №258 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №168 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Атырау облысының

іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен іс-шаралар жоспары қабылданды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, Басқарма өз тарапынан интернет-ресурстарына арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тарау ашып, Басқарма қызметкерлері арасында құқықтық сауатты ашу мақсатында түрлі жиындар өткізіп тұрады.

 

Қорытынды.

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынысы жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 02.10.2017 03:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.10.2017 03:10