Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижесі

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, Атырау қаласы, Абай көшесі 10а, телефон:325502, 325503 жеке/заңды тұлға,/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

басталды 03.07.2017ж. аяқталды 29.12.2017ж.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың IV - тоқсандық қызметіне

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ;

* Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады;

* Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ;

 

ІІІ. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында 2017 жылғы II жарты жылдық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері автомобиль жолдары бөлімі мен жолаушылар көлігі бөлімінде анықталмады.

 

 


 

 

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысын жолдаймыз:

· Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесі зерделеніп, бағаланды;

· Сыбайлас жемқорлық мәселелер бойынша басқарма қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;

· Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен аралықта басқармаға заңды және жеке тұлғалар тарапынан ешқандай арыз –шағымдар түскен жоқ;

· Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша БАҚ-дағы басылымдар зерделенді;

· Басқармада сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелеріне сәйкес басқармада «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» өткізудің қажеттілігі жоқ деп есептейміз.

 


Мақаланың шыққан күні: 27.12.2017 01:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.12.2017 01:05

Қаралым саны: 1289