Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.07.2020

Қызметтер

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

 

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы, телефондар: 23-30-45, 23-31-52, email: erkinkala2011@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.01.2017 ж., аяқталды – 30.06.2017 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2017 жылдың І жартыжылдық қызметіне.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ. Бірақ, кейбір азаматтар округ әкімінің шешімімен уақытша пайдалануға берілген жер телімінің мерзімін қайта ұзартуға келгенде арыздану мерзімінің өтіп кеткендігі анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 136-бабына сәйкес олардың айыппұл төлейтіндері ескертілгенімен Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы қазіргі уақытта ешқандай айыппұлдың салынып жатпағандығы жөнінде және осы мәселе бойынша жиналыс өткізіліп, хаттамасы толтырылғанын қызметтік түрде хабарлады. Бірақ, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 136-бабына ешқандай өзгеріс енгізілмеген;

*Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталған жоқ.

*Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ.

ІІІ.Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратында 2017 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 136-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

 

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі
талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

 

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 Бұйрығы мен Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 19 қаңтарындағы №9ө Өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтар – 30 маусым аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың І жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылғы І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 8 бірлікті құрап, оның ішінде 1 уақытша бос орын болды.

2017 жылдың 16 маусымында қалалық әкімшіліктің интернет ресурсында Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының уақытша тұрған бос лауазымына жалпы конкурс өткізу жөнінде хабарлама жарияланды. Ішкі конкурс болған жоқ. Кадрлардың ауысулары орын алмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан

Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан 456, заңды тұлғалардан 11 арыз түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланды. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде арыздардың шешімі табылмау, қаралмау немесе мерзімі өтіп кету фактілері анықталмады. Аталған мәселе бойынша ақпарат әр айдың басынан кешіктірмей қалалық прокуратураға жолдануда.

Сондай-ақ, кейбір азаматтар округ әкімінің шешімімен уақытша пайдалануға берілген жер телімінің мерзімін қайта ұзартуға келгенде арыздану мерзімінің өтіп кеткендігі анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 136-бабына сәйкес олардың айыппұл төлейтіндері ескертілгенімен Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы қазіргі уақытта ешқандай айыппұлдың салынып жатпағандығы жөнінде және осы мәселе бойынша жиналыс өткізіліп, хаттамасы толтырылғанын қызметтік түрде хабарлады. Бірақ, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 136-бабына ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

Құзырлы органдар тарапынан мекемедегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша тексеру жұмыстары болған жоқ.

4) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Еркінқала ауыдық округінен 87 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Оны елемеген 4 адамның тізімі округке жауапты полиция инспекторына табыс етіліп, олармен Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларына сәйкес қызметтер жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде 2017 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 136-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды деген шешімге келді.

 


Мақаланың шыққан күні: 13.10.2017 07:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2017 15:31

Қаралым саны: 1146