Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

Республиканский конкурс «Еңбек жолы»Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті»–еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.

Еңбек әулеті–бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы»-жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»-жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өңірлік комиссия дауыс беру қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған жеңімпаздарды айқындайды.

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы қазан айында«Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» республикалық форумында өтетін күні Астана қаласында өтеді.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

2017 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде - қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үміткерлерден өтінімдерді қабылдау;

2017 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейінгі мерзімде - облыс әкімдігінің сайтында онлайн дауыс беру;

2017 жылғы 6 қыркүйекке дейінгі мерзімде- дауыс беру қорытындысы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау.

Ең көп дауыспен балл жинаған конкурсанттардың оларды конкурстың жеңімпаздары ретінде айқындауға басым құқығы бар.

Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.


 

Kөшкінбаева Гулнар Бисенқызы

 

Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»


Бозжигитов Сериккали Орынгалиевич


Суйегенов Алтай Толеуишулы

Суйегенов Алтай Толеуишулы
Суйегенов Алтай Толеуишулы


Турганбаев Багдат Сисенбаевич

(/THUMBS/UPLOADS/AKIMATY/MAKAT/IMG/TURGANBAEV_B_1_JPG 1514 Kb)

Дауыс бергіңіз келетін қатысушыны таңдаңыз

Kөшкінбаева Гулнар Бисенқызы - 13
4%
Бозжигитов Сериккали Орынгалиевич - 56
18%
Суйегенов Алтай Толеуишулы - 226
73%
Турганбаев Багдат Сисенбаевич - 14
5%


Мақаланың шыққан күні:: 03.07.2017 00:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.08.2017 04:31