Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

О республиканском конкурсе «Еңбек жолы»!Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өңірлік комиссия дауыс беру қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған жеңімпаздарды айқындайды.

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы қазан айында «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» республикалық форумында өтетін күні Астана қаласында өтеді.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

- 2017 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде - қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үміткерлерден өтінімдерді қабылдау;

- 2017 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейінгі мерзімде - облыс әкімдігінің сайтында онлайн дауыс беру;

- 2017 жылғы 6 қыркүйекке дейінгі мерзімде- дауыс беру қорытындысы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау.

Ең көп дауыспен балл жинаған конкурсанттардың оларды конкурстың жеңімпаздары ретінде айқындауға басым құқығы бар.

Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Толық мәлімет пен кеңесті аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласып алуыңызға болады.

Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, М.Мамедова көшесі №1 тел.8(71238)21559.


Жалғаспаева Канифа


Жалғаспаева КанифаҚанат Ғайса Мақсотұлы
Каримова Гульнар Каримова Гульнар (DOC 68 Kb)
Қуанышкалиевна Самал
Курманшина Гулзира
Бейшиева Сара
Избаскан Жания
Избаскан Жания
 
 

 

 

 

 

 

 

«Еңбек жолы» республикалық конкурсыҚарабалиндер әулеті

1. Карабалин Махмет- әулет басшысы, зейнеткер 87 жаста,

2.Карабалин Сағызбай Махметұлы – Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының актері, режиссері еңбек өтілі 45 жыл;

3.Қарабалина Сағымгүл – М.Әуезов атындағы театрдың администраторы, еңбек өтілі 30 жыл;

4.Қарабалина Асел Сағызбайқызы – М.Өтемісұлы атындағы театр гримерші, еңбек өтілі 19 жыл;

5.Қарабалин Әлібек Сағызбайұлы - Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының дыбыс режиссері, еңбек өтілі 5 жыл;

6.Қарабалин Асет Жолдасұлы – «Заман» тобының әншісі, еңбек өтілі 12 жыл;

7. Жолдасова Ғазиза Жолдасқызы – Атырау қаласы №31 мектептің музыка пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 2 жыл;

8.Сафуанова Гүлнұр Нұрмағанбетқызы – Н.Жантөрин атындағы филармония бишісі, еңбек өтілі 2 жыл;

9.Қарабалин Алмас-Булат Махмутович– «Самал» мәдениет үйі жанындағы халық театрының режиссері, еңбек өтілі 25 жыл;

10.Қарабалина Қымбат Мағзомқызы – «Самал» мәдениет үйі жанындағы отбасылық халықтық ұжым режиссері,еңбек өтілі 8 жыл;

11.Махмут Есет Алмас-Булатұлы – «Қоныстану» балалар өнер мектебінің мұғалімі, домбырашы, еңбек өтілі 6жыл;

12.Қуанышқалиева Самал Кұрманғазықызы – «Қоныстану» балалар өнер мектебінің мұғалімі, қобызшы, еңбек өтілі 6 жыл;

13.Махмут Бекет Алмас-Булатұлы – әнші, Б.Аманшин атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 4 жыл

14.Елеуова Мөлдір Есенқызы- хореограф, еңбек өтілі 5 жыл

Кәсіпорын: Мәдениет, өнер саласы

Номинация: Үздік еңбек әулеті

Отбасы мүшелерінің және туған-туыстарының саны: 15

Әулет мүшелерінің жалпы еңбек өтілі: 169 жыл

Қысқаша сипаттамасы: Әулет басшысы Карабалин Махмет ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен. Еңбек және тыл ардагері. Қызылқоға ауданының құрметті азаматы. Өмірлік жұбайы Карабалина Агиба екеуі отбасын құрғандарына 64 жыл толған. Екеуі 10 бала тәрбиелеп, 38 немере мен 21 шөбере көріп отырған бақытты абыз қариялар.

Балалары мен немерелері мәдениет, өнер саласында қызмет істеп келеді. Қарабалин Сағызбай –Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері.

Әулет мүшелері мәдениет, өнер саласына сіңірген еңбектері үшін 2016 жылдың қорытындысымен «Жылдың үздік режиссеры» атанды, республикалық «Саз әлемі» ән байқауының жеңімпазы, «Алтын домбыра» байқауының лауреаты, республикалық «Жезкиік» қобызшылар байқауының иегері, лауреаты және бірнеше медальдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Байланыс деректері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы тел.8(712238)21543,21559.

 

Дауыс бергіңіз келетін қатысушыны таңдаңыз

Ізбасқан Жания Қалиқызы - 1542
60%
Каримова Гульнар Файзуллиевна - 54
2%
Құрманшина Гулзира Мухатаевна - 971
38%

 


Мақаланың шыққан күні:: 01.07.2017 05:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.08.2017 13:03