Array Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі №1 | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.03.2017

Қызметтер

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі №1

21 қаңтар 2017 жыл

2017 жылғы 26 наурызға облыстық, қалалық мәслихаттарының
шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 101 бабының 4 тармағына сәйкес және Атырау облыстық, қалалық мәслихаттарының шешімдері негізінде Атырау облыстық сайлау комиссиясы шешім қабылдады:

1. Атырау облыстық, қалалық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына төмендегі сайлау округтері бойынша 2017 жылдың 26 наурызына мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалсын:

1) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №1 сайлау округі;

2) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №3 сайлау округі;

3) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №23 сайлау округі;

4) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №2 сайлау округі;

5) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №6 сайлау округі;

6) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №8 сайлау округі;

2. Мәслихаттардың шығып қалған депутатарының орнына «2017 жылдың 26 наурызына тағайындалған сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары» қосымшаға сай бекітілсін, ол Атырау қалалық және тиісті округтік сайлау комиссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Сайлау шараларын өткізудің келесі мерзімдерібелгіленсін:

- мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2017 жылдың 26 қаңтарында басталады және 26 ақпанда аяқталады,

- мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2017 жылдың 26 қаңтарында басталып, 1 наурызында аяқталады.

4. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Ибрашев

Атырау облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы В. Кузеняткина


Мақаланың шыққан күні:: 13.03.2017 12:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.03.2017 12:05