Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

21 тамыз 2017 жыл                                                                                            № 10                                                                           Атырау қаласы

 

2017 жылғы 29 қазанға мәслихаттардың шығып қалған
депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 101 бабының 4 тармағына сәйкес және Атырау облыстық, қалалық, Исатай, Құрманғазы аудандық мәслихаттарының шешімдері негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы шешім етеді:

1. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына төмендегі сайлау округтері бойынша 2017 жылдың 29 қазанына сайлау тағайындалсын:

1) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №18 сайлау

округі;

2) Атырау облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 25 сайлау

округі:

3) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі 12 сайлау

округі;

4) Атырау қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №18 сайлау

округі;

5) Исатай аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №5 сайлау

округі;

6) Құрманғазы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №1сайлау округі.

2. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына «2017 жылдың 29 қазанына тағайындалған сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары» қосымшаға сай бекітілсін және ол тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Сайлау шараларын өткізудің келесі мерзімдері анықталсын:

- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 29 тамызда басталады және 29 қыркүйекте аяқталады.

- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2017 жылғы 29 тамызда басталады және 3 қазанда аяқталады.

4. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Атырау облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Ибрашев

Атырау облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы В. Кузеняткина

 


Мақаланың шыққан күні:: 06.09.2017 01:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.09.2017 10:18