Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

«Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы - «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жеке тұлғалардың (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушынан бір жұмыс күні ішінде құжаттарды алған кезінен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде жазбаша өтінішті одан әрі қарауға бас тартады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 4632 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2 қосымшаға сәйкес көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағына беру өтінімін (бұдан әрі - өтінім) қабылдау не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентінің 9-тармағында көзделген негiздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет тегін көрсетіледі.

7. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоспағанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көркемөнерпаздар ұжымы басшысының қолы қойылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасының нысаны бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім;

2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;

3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме:

жетекшілер туралы мәлімет;

репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;

ұжымның концерттік бағдарламасы;

қатысушылар құрамының тізімі;

4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).

9. Көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777 немесе портал арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң өзге талаптар

12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары және көрсету орындары Министрлiктiң www.mks.gov.kz  интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

 

 

 

«Көркем өнерпаздық ұжымдарына

«Халықтық» (үлгілі) атағын беруге

өтінімдерді қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентіне қосымша

____________________________

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органы

______________________________

(көркемөнерпаздар ұжымы басшысының тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда)

_______________________

мекен жайы

 

 

Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық»

(үлгілі) атағын беру бойынша өтінім

 

 

Көркемөнерпаздар ұжымына (ұжымның аты) ___________________________________

«Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Қосымша: ___ парақ.

(«Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес құжаттар қосылады)

Өтінімнің толтырылған күні __________________

Қолы _____________________________________


Мақаланың шыққан күні: 31.05.2019 10:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2019 10:23

Қаралым саны: 962