Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы - «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті берушіге жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде жазбаша дәлелді түрде жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12405 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығымен бекітілген Мемориалдық тақталарды орнату қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентінің 9-тармағында көзделген негiздерге сәйкес нысан бойынша

Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

7. Жұмыс кестесi - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi үзiлiсті есептемегенде, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызметсiз көрсетiледi.

8. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) аса көрнекті тұлғаның еңбегін және айрықша оқиғаның маңызын растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері;

3) Қағиданың 4 және 5 - тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;

4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату жоспарланған ғимарат немесе құрылыс жайының меншік немесе заңды иесінің жазбаша келісімі.

5) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкілетті органға.

9. Мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруден бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) комиссияның теріс қорытындысы;

3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.

Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күн iшiнде қаралады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол жеткізіледi.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады: 1414, 8 800 080 7777.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдана алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң өзге талаптар

12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 800 080 7777.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

 

 

 «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетiлген қызмет регламентіне қосымша

Нысан

 

_______________________________

(облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының жергілікті атқарушы органы)

_______________________________

_______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

немесе заңды тұлғаның атауы)

 

 

Өтініш

______________________________________________________________

мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын

______________________________________________________________

(атауы, сипаттама)

Орнату мақсаты: ________________________________________________

Орналасқан жері (мекенжай)

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Өтініш беруші туралы мәліметтер: ___________________________________

______________________________________________________________

(туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері,

__________________________________________________________

берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе заңды тұлғаның реквизиттері)

Қосымша: _____ бетте.

______________________________________________________________

______________________________________________________________

(өтінішке Мемориалдық тақталарды орнату қағидаларының 6-тармағына сәйкес құжаттар тіркеледі)

Өтініш берушінің қолы ________________ Мерзімі__________________

Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)

(болған жағдайда)__________________


Мақаланың шыққан күні: 31.05.2019 10:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2019 10:23

Қаралым саны: 905