Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Атырау облысындағы техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб отырысы

Региональный штаб по вопросам технического регулирования в Атырауской области2018 жылғы 21 желтоқсанда Атырау облысы әкімдігінің мәжіліс залында техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штаб отырысы өтті. Өңірлік штаб отырысына мемлекеттік органдар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатысты. Күн тәртібі бойынша «Тауарларға маркілеуді енгізу», Қазақстан Республикасы «Стандарттау туралы» Заңы бойынша презентация және ЕАЭО ТР 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, оралған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент мәселелері қарастырылды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева ЕАЭО-та сәйкестендіру арқылы тауарларды таңбалау туралы келісіммен таныстырды және өз сөзінде тауарларды маркілеуді енгізу процедуралары туралы және олардың арнайы КИЗ (бақылау идентификациялық белгілері) кодтарын беру. Тауардың әрбір бірлігін маркілеу өндірушіден және импорттаушыдан түпкілікті тұтынушыға дейін бақылау жасауды қамтамасыз етеді және экономиканы цифрландырудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Кеден одағының аумағына әкелінген және Одақтың аумағында өндірілген тауарлар таңбалануға жатады. Бұл ретте тауарды Кеден Одағынан тыс жерлерде де таңбалауға жол беріледі. Келісімнің 8-бабында тауарлар таңбалауға жатпайтын жағдайлар көзделген. Бұған мысал ретінде тауарлар одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттау үшін өндірілген жағдайда және жеке тұлғалар өз мұқтажы үшін әкелген тауарлар.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша Атырау облысындағы Мемлекеттік Кірістер департаментінің әкімшілік және аудит бөлімінің басшысы Оразбек Байкенжиев баяндап, Қазақстан Республикасында тері өнімдерінің табысты таңбалануын атап өтті. «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының директоры Дю Надежда Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы бойынша ақпарат берді. 2018 жылғы 5 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңына қол қойды. Заңның күшіне енуі отандық өндірушіні қолдау, инвестициялар тарту, стандарттарды әзірлеу процесіне өнеркәсіпті тарту, сондай-ақ инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізуді ынталандыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы Қазақстандық модельді халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған. Заңда стандарттау субъектілерінің өзара іс-қимылының мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары, құзыреті және рәсімдері нақты айқындалған. Стандарттаудың барлық процестерін үйлестіру және сақтау үшін стандарттау жөніндегі ұлттық орган айқындалатын болады. Заңды іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады.

Үшінші сұрақ бойынша «КазИнСт» РМК бас маманы Жанат Акмалиева ЕАЭО ТР 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, оралған ауыз судың қауіпсіздігі туралы»техникалық регламент талаптарын түсіндірді.

Іс-шара соңында өңірлік штаб төрағасының орынбасары Салтанат Камешева 2018 жылғы өңірлік штаб жұмысын қысқаша қорытындылап, штаб отырысының мүшелері мен қатысушыларына ЕАЭО техникалық регламенттерін қарастырудағы белсенді ұстанымдары үшін алғысын айтты.

Отырыс пікірталас түрінде өтті.


Мақаланың шыққан күні: 26.12.2018 10:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 21:46

Қаралым саны: 753