Array «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы

2016 жылға Атырау облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді, 1521 адамды қамту жоспарланды. Есепті кезенде бағдарламамен 2314 адам қамтылып, 1348,5 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 35 әлеуметтік нысандарда күрделі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1,4 млрд.теңге бөлініп, 607 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды. Күні бүгінге күрделі-жөндеу жұмыстары 35 әлеуметтік нысанда жүргізіліп, 608 адам жұмысқа қабылданды, оның 342-і-бағдарлама қатысушылары есебінен. Бұл бағыттта 957,0 млн.теңге игерілді.

Дағдарысқа қарсы Үкіметтің арнайы қорынан облысқа қосымша ауылдық жерлердегі 30 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 379,165 млн.теңге бөлінді, барлығы 162 жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Осы бағытта тендерлік құжаттар жинақталып, конкурстар жарияланды.

Бағдарламаның екінші бағытымен 196 адамды (7,2 млн.теңгеге) кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 340 адамға 915,6 млн.теңгеге шағын несие беру жоспарланды.

2016 жылдың 1-ші қыркүйегіне 166 адамға 431,0 млн.теңгеге шағын несие берілді (республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 118 адамға 311,0 млн.теңгеге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалы арқылы қайтарылған қаражат есебінен 48 адамға 120,0 млн. теңгеге).

Бағдарламаның үшінші бағытына 161,3 млн.теңге (кәсіби оқу, грант, әлеуметтік жұмыс, Жастар практикасына) бөлініп, 791 адамды қамту жоспарланды. Үшінші бағыт бойынша 670 адам қамтылып, 80,4 млн.теңге игерілді:

- әлеуметтік жұмыс орындарына 237 адам орналастырылды, 21,6 млн.теңге игерілді;

- Жастар тәжірибесіне 332 жас түлек жіберілді, бұл бағытта 43,0 млн.теңге игерілді;

- 32 адам оқуларын кәсіптік колледждерде аяқтап, олардың ішінен 5-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, қалған түлектерді жұмысқа орналастыру шаралары қабылдануда, 12,3 млн.теңге жұмсалды;

- 43 адам жұмыс жасайтын жастар есебінен оқуға жолданды, 1,5 млн.теңге игерілді;

- 55-64 жастағы адамдар есебінен 26 адам оқуға жолданды, оқуды 9 адам аяқтап, оның 2-і тұрақты жұмыспен қамтылды, 1,9 млн. теңге игерілді.

Жалпы бағдарлама бойынша 2472 адам орналастырылды.

 


Мақаланың шыққан күні:: 15.09.2016 18:14
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.09.2016 18:14