Array Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасында тілдерд ідамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Атырау облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған Атыра облысының іс-шаралар жоспары облыс әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы №248 қаулысыменбекітіліп, жоспардакөрсетілгеншараларорындалды. Іс-шараларжоспарына 33 млн. теңгеқаражатбөлініп, толықтайигерілді.

 

ҚР «Тіл туралы» заңының орындалуын қадағалау.

2011-2013 жылдарыоблыстықбасқарма 32 мемлекеттікорганда, 2 мемлекеттіккәсіпорында, 1 шаруашылықсубъектісінде - барлығы 35 нысандатілзаңнамасыныңорындалуынтексерді. Тексеру кезінде анықталған кемшіліктер түзелді.

Ресми тексеру құқығы жоқ қалалық, аудандық мәдениет және тіл бөлімдері 585 ұйым, мекемелердің тіл саласындағы жұмысын, көрнекі ақпаратының ресімделуін зерттеп, мемлекеттік тілді дамыту бағытында әдістемелік көмек көрсетті.

Бүгінгі күні мемлекеттік тіл жергілікті басқару жүйесінде толық деңгейде қолданылып отыр: іс қағаздары тек мемлекеттік тілде жүреді, облыс, қала, аудандар деңгейіндегі барлық ресми шаралар тек мемлекеттік тілде өтеді. 

 

Халықтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру.

Облыстың білім беру жүйесінде қазақ тілін үйренуге толық жағдай жасалған. Облыстағы қазақ мектептерінің саны артып келеді. Аралас мектептердің өзінде қазақ класстары басым. Оқыту тіліне қарамастан қазақ тілі пәні барлық мектептерде жүреді. Қазір оқушылардың мектеп бітіргенде мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде игеріп шығуына қол жеткізіліп отыр.

Бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді балабақшадан бастап үйренуіне үлкен көңіл бөлініп отыр.      

Ересек халықты мемлекеттік тілге үйретуде жұмыстар атқарылуда. 2011-2013 жылдары облыстық бюджет есебінен ұйымдастырылған мемлекеттік тілге тегін оқыту курстарында, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тілдерге оқыту орталығында, «Теңізшевройл» ЖШС, «Аджип ККО» компаниясы, АНПЗ, «Қазтелеком» АҚ облыстық филилалы, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филилалы сияқты ірі мекемелердің тіл курстарында, барлығы 3823 адам қазақ тілі курстарында тегін оқып шықты.

Мемлекеттік бағдарламадағы басым бағыттың бірі – «Қазтест» жүйесін қолданысқа енгізу жұмыстары жүгізілуде.

2012 жылдың желтоқсан айында облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, облыс әкімі аппараты қызметкерлері – 51 адам эксперименталды сынақтан өтті. 2013 жылдың басында барлық аудандар әкімдері тест тапсырса, сәуір айында Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейіне «Қазтест» жүйесі бойынша сынақ өткізілді. Облыстық басқармалардың, қала, аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері, ауыл, ауылдық округтар, кенттер әкімдері – барлығы 1068 адам қамтылды.

Биыл да сәуір айында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейіне «Қазтест» жүйесі бойынша тағы сынақ өткізілді, 1004 мемлекеттік қызметші қамтылды. Соның ішінде, 684 адам өткен жылы анықталған деңгейі бойынша сертификат алуға тапсырды.

Бұдан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының 500-ге жуық қызметкері осындай тестіден өткізілді.

Ағымдағы жылы күзде де «Қазтест» жүйесі бойынша тағы сынақ өткізілмек. Жергілікті әкімдіктер, басқармалардан басқа, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бірқатар мекемелерді, ХҚКҚ қамту жоспарланып отыр.

 

Ономастикалық жұмыстар.

Атауларды өзгертуге мораторий жариялануына байланысты 2011-2012 жылдары атау беру, қайта атау жұмыстары шектелді. Аталған кезеңде облыстық комиссияның 6 мәжілісі өтіп, 16 мәселе қаралды. Қаралған мәселелер, негізінен, Ақпарат министрлігінің тапсырмасына сай бұрыннан қалыптасқан көше, даңғыл, ықшам аудан, басқа да геоним атауларын нақтылап, құжаттармен растап, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізуге қатысты болды.                                             

Бүгінгі күні облыстағы 251 әкімшілік-аумақтық бірлік пен 4101 геонимдер «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізіліп тұр.

Ал, нысандарға атау беру бойынша түскен арыздар қаралып, 2013 жылдан бері жұмыс басталды. Атырау политехникалық коледжіне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері С.Мұқашевтің есімін беру жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияда мақұлданып, ҚР Үкіметінің қарауына жолданды. Тағы 3 нысан бойынша материалдар республикалық ономастикалық комиссияда қаралып, қолдау тапты.

 

Көрнекі ақпарат саласын реттеу жұмыстары.

2011-2013 жылдары 6 аудандағы көрнекі ақпараттың ахуалы арнайы тексеріліп, облыстық ономастикалық комиссияның мәжілістерінде тыңдалды. Қала, аудандарда 482 көрнекі ақпарат құралы жаңартылды. 

Бүгінгі күні облыс бойынша 1490 сыртқы жарнама құралы бар. Оның 1219 - әлеуметтік жарнама. Соның ішінде, Президент Жолдауларына арналғаны –  189.

Сондай-ақ, қалалық, аудандық мәдениет және тіл бөлімдері кәсіпкерлік субъектілері нысандарына барып, мәтіні «Тіл туралы» Заң талаптарына қайшы келетін маңдайша жазуларын алмастыру жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

 

Тілді насихаттау, тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы ұйымдастырушылық шаралар.

Тілдерді дамыту мен қолданудың облыстық, қалалық, аудандық іс-шаралар жоспары аясында, түрлі ұйым, мекеме, кәсіпорындарда 2011-2013 жылдары фестиваль, конкурстар, семинарлар, дөңгелек столдар, әдеби кештер, басқасы бар -  барлығы 1232 мәдени-бұқаралық, танымдық, әдістемелік шаралар өткізілді.

Республикалық сайыстарға облыстың 38 өкілі қатысты, 7 адам жүлделі орын иеленді, 1 жеңімпаз атанды.

Тіл саласы бойынша шаралар тек мемлекеттік органдармен шектелмей, басқа да салаларды қамтып отыр. Мәселен, Аджип ККО компаниясы, «Теңізшевройл» ЖШС, «АНПЗ» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистралды газ құбырлары басқармасы, «Қазтелеком» АҚ облыстық филилалы сияқты ірі кәсіпорындарда тілдерді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспары жасақталған. Этномәдени бірлестіктер, қоғамдық бірлестіктер тіл саласындағы жұмысқа атсалысып отыр.

 

Тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау.

Жыл сайын мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға арналған  медиа-жоспары жасалып, іске асып келеді.

Облыстық, республикалық БАҚ-да облыстағы тілдік ахуалға қатысты 2011-2013 жылдары 419 материал жарияланып, 110 хабар, бейнесюжеттер көрсетілді.  

2011-2013 мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын арнайы ролик түсіріліп, облыстық телеарна арқылы көрсетілді. Биыл да осындай ролик дайындалуда.  

Осындай жұмыстардың басты нәтижесі - облыс бойынша халықтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі жоғары. Жоспар бойынша 2013 жылы облыстағы қазақ тілін меңгер ген ересек халықтың үлесі 94% болуы тиіс еді. Жүргізілген әлеуметік зерттеу қорытындысымен ересек халықтың 96,7% қазақ тілін меңгерген деген мәлімет алынып отыр. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары (68,9%).

Сондай-ақ, 92,1% орыс тілін, 7,8% ағылшын тілін меңгерген.

2013 жылы жүргізілген әлеуметік зерттеу қорытындысымен келесідей мәліметтер алынды:

1) Ересек халықтың қазақ тілін меңгеру деңгейі бойынша болжам:

2014 жылға болжам – 96,7%.

2015 жылға болжам - 96,8%.

2) Ересек халықтың орыс тілін меңгеру деңгейі бойынша болжам:

2014 жылға болжам –92,0%.

2015 жылға болжам - 92,1%.

3) Ересек халықтың ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша болжам:

2014 жылға болжам – 8,2%

2015 жылға болжам – 9,1%.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы №50 қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, оған 33 млн. теңге қаражат қаралған.  Жоспарда көрсетілген шаралар рет-ретімен іске асырылуда.

Тұтастай алғанда, Атырау облысында қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің толық қолданылуына қол жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, орыс тілінің жалпымәдени функцияларын сақтауға, халықтың ағылшын тілін білу деңгейін арттыруға мүмкіндік жасалған.    Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.


Мақаланың шыққан күні:: 15.07.2016 12:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.07.2016 12:26