Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Жалған сәйкестік сертификаттарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары

Жалған сәйкестік сертификаттарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары2018 жылғы 6 қарашада ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «КазИнСт» РМК Атырау филиалымен және «ҰлтССО» АҚ Атырау филиалымен бірлесіп, өнімге берілетін жалған сәйкестік сертификаттарының алдын алу бойынша пікірталас өткізді.

Өнімнің сәйкестігін растау туралы куәландыратын құжаттарды ұсыну нысанында жалған құжат беру фактілері анықталған жағдайда (сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялар, сондай-ақ сынау хаттамалары), материалдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес құқық қорғау органдарына беріледі.

Тараптар бірігіп күш салу арқылы, тұтынушыны сапасыз және сертификатталмаған өнімдерден қорғауға болады деген ортақ пікірге келді.


Мақаланың шыққан күні: 08.11.2018 10:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.12.2018 18:07

Қаралым саны: 1505