Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы» түсінік

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап бір жұмыс күні.

Азаматтық хал акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік жеті күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны үш күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі. Ал, бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Бала асырап алуды тіркегені үшін шетелдік азаматтардан 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес бала асырап алу туралы өтініш, жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін), бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін, баланың туу туралы куәлікгі, асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген жағдайлардан басқа), көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (шетелдіктер үшін), шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариатта куәландырған аудармасын ұсынады.

Бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш, туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтама, бала асырап алу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – бала асырап алуды тіркеу туралы анықтама, бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін, өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырған сенімхатты ұсынады.

 

С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 13.08.2019 11:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.08.2019 11:07

Қаралым саны: 530