Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы түсінік

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» туралы өтініштерді қабылдау баламалы негізде жергілікті атқарушы органдар және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы- «халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бөлімдері арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтердің бірі.

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – «АХАЖ» Тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде - жеті жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Ал, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі жүгінген кезде азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін : өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы және көрсетілетін қызметті алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңілілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян, еңбек кітапшасының көшірмесі не Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса-оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса), егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см. Мөлшеріндегі екі фотосуреті, мемлекеттік бажды бюджетке төленгенін растайтын түбіртек тапсырылады.

Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы некеде (ерлі- зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі -зайыптылық) туралы куәліктің көшірмесі, балалары бар болса, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері, ата - анасының жеке басын куәландыратын құжат немесе ата- анасы қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі, сондай –ақ көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаты, егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнекер куәлігінің көшірмесі ұсынылады т.б. қосымша құжаттарды талап етеді.

Сондай –ақ заңды күшіне енген сот шешімі бойынша: сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш, жеке басын кәуландыратын құжаты(сәйкестендіру үшін), мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімін және баж алымы туралы түбіртек тапсырылады.

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік

бағдарламалар және азаматтық хал

актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы: С.Жұбаева


Мақаланың шыққан күні: 03.05.2019 14:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.05.2019 14:02

Қаралым саны: 598