Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы түсінік

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін өтініш Халыққа қызмет көрсету орталықтары, жергілікті атқарушы органдар және «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы баламалы негіздерде қабылданады.

Қызмет көрсету мерзімдері құжаттарды тапсырған кезден бастап заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. (барлық өтініштерді қабылдау күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

Басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде күнтізбелік 30 күнде, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап 1 апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 күн ішінде көрсетіледі.

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.

Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер , толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 жұмыс күні, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Порталда – өтінішті алғанын растау және некені бұзуды тіркеу күнін белгілеу 1 жұмыс күні.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін өтінішпен қоса, жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгенген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат ұсынылады.

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін өтінішпен қоса жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат тапсырылады.

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік

бағдарламалар және азаматтық хал

актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы: С.Жұбаева


Мақаланың шыққан күні: 10.04.2019 16:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.04.2019 16:17

Қаралым саны: 760