Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Қайтыс болуды тіркеу жолдары туралы түсінік

Қайтыс болуды тіркеу жергілікті атқарушы органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы арқылы және «Электрондық үкіметтің» веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап – бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қайтыс болуды алғаш рет тіркеу үшін медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі, қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі, ал, көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат, қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда), қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжаты тапсырылады.

Қайтыс болу туралы мәлімдемені қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын –үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтіп – баққан немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы береді. Қайтыс болу туралы куәлік бақилық болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына немесе оны қамқорлаған азаматтарға тиесілі. Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша беріледі. Егер, көрсетілетін қызметті алушы туыстығын растайтын құжаттарды, қамқорлығында болғаны немесе нотариустың хабарламасын ұсынбаса қайтыс болудың мемлекеттік тіркелуін растайтын анықтама беріледі.

Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін өтініш, қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама, өзгерістер мен толықтыру, түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар, бюджетке мемлекеттік баж алымының төленгендігі туралы құжат, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхаты қоса тапсырылады.

Өтініштер күнтізбелік жеті күнге дейінгі мерзімде қаралуы тиіс. Сұрау салуды басқа аумақтық әділет органдарына жіберу қажет болған кезде өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады.

 

 С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін

тіркеу бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 12.05.2020 11:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.05.2020 11:05

Қаралым саны: 65