Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

«Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы түсінік

Жергілікті атқарушы органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы арқылы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің бірі - «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға 7 (жеті) жұмыс күні. (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Ал, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Сондай –ақ, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыдан 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Ал, порталда – атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу -1 жұмыс күні. Атын, әкесінің атын , тегін ауыстыруды тіркеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Ал, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін-0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Ол үшін: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін), туу туралы куәлігінің түпнұсқасы, некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі,балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі, көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см. мөлшеріндегі екі фотосуреті, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын түбіртек тапсырылады. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтініп отырған себептерін растайтын қосымша құжаттарды талап етіледі.

Ал, көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары және онда қамтылған деректер анық емес болса, сондай –ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмесе көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға құқылы.

 

С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 06.12.2019 18:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.12.2019 18:22

Қаралым саны: 375