Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Ауданда қосымша білім беру желісін дамыту

Развитие сети дополнительного образования в районеҚазіргі таңда елімізде барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Оның бірі атап айтқанда, қосымша білім беруге арналған, оның негізгі субъектісі болып саналатын мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа сапада қайтадан ұйымдастыру қолға алынуда.

Осы мақсатта Қызылқоға ауданында Миялы балалар өнер мектебі, Қоныстану балалар өнер мектебі, А.Өміров атындағы балалар өнер мектебі жұмыс жасап келеді. Биылғы оқу жылынан бастап «Оқушылар үйі» ашылды .Ауданның барлық мектептерінде үйірмелер филиалдары жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта үйірмелер 4 бағытта жұмыс жасауда:

Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік,патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Әскери-патриоттық үйірмесі», айнала қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәрбие беру, өсімдіктерге, жан-жануарларға қамқорлық сезімде тәрбиелеу үшін «Жас натуралистер» үйірмесі, Қазақ халқының салт–дәстүрін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында жүргізілетін «Ұлттық ойындар» үйірмесінде тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу, т.б ұлттық ойындар үйретіледі.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы –жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп,жан-жақты дамуына ықпал етуде роботехника негіздерін үйрету, көлік, кеме құрастыруға үйрететін «Жас техниктер» үйірмесінің болашағы зор.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық сол арқылы, тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев.

Сондықтан жас ұрпақты білімді,бәсекеге қабілетті, шығармашыл жеке тұлға етіп қалыптастыруды басты міндетімізге ала отырып болашақта оқушыларға қосымша білім беруде жаңаша жетістіктерге жетуге жұмыстана береміз.

Развитие сети дополнительного образования в районе Развитие сети дополнительного образования в районе Развитие сети дополнительного образования в районе

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2019 15:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2019 15:05

Қаралым саны: 936