Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Атырау - Кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінде ақпараттық стендтің орналастырылуы

«Атырау - Кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінде ақпараттық стендтің орналастырылуыТехникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позицияларын жақсарту және отандық өндірушілерге техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталған жұмыстары өткізілуде.

Департаментпен, өндірушілер мен экспорттаушылармен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалының өкілдерімен бірлесе отырып, сәйкестікті бағалау туралы құжат және тауардың шығу тегі туралы сертификат алу, заңнаманы түсіндіру және кеңес беру мәселелері бойынша туындайтын нақты өзекті мәселелерді шешу үшін барып-қатысу іс-шаралары жүргізіледі.

Аталмыш іс-шараның мақсаты 2017 жылғы 20 қарашадағы №17-959 Ө «Тауарлардың экспорты бойынша кейбір мәселелері туралы» «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бұйрығымен таныстыру, оған сәйкес экспортқа арналған өнімдер экспорттаушы көзделген құжаттарды талдау арқылы (9 схемасын тестілеу жоқ оңайлатылған сертификаттау схемасына сәйкес сертификатталған болады, оған сәйкес қоса беріледі), демек оны алу уақытын 1 күнге дейін қысқартады және қаржылық шығындары экспорттын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса, Департаментпен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығының келісуімен «Атырау - Кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінде СЭҚ қатысушар, кедендік брокерлер үшін ақпараттық стенд орналастырылды.

Сондай-ақ, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен, «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторы деңгейін жақсарту жұмыстары инфрақұрылым сапасы құралдарын (техникалық регламенттер, стандарттар, өлшем құралдары, сәйкестікті бағалау құжаттары, сапа менеджменті жүйелері) қолдану арқылы жалғастыруда.

«Атырау - Кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінде ақпараттық стендтің орналастырылуы


Мақаланың шыққан күні: 23.02.2018 08:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 10:45

Қаралым саны: 1552