Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2020

Қызметтер

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың назарына!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысмен Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтіп, заманауи арнайы құралдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Сурдотехникалық құралдар - есту кемістіктерін түзетуге және олардың орын толтыруға арналған құрал.

- есту аппараттары (пайдалану мерзімдері- 4 жыл) қалған сурдотехникалық құралдар пайдалану мерзімдері қалған -5 жыл ;

- бейнекомпьютер жаңа атауы веб-камерасы бар ноутбук өзгерді ;

- көп функционалды дабылды жүйелер;

- мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;

- саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;

- кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;

- дауыс шығаратын аппарат.

Телефакс алынып тасталды.

Тифлотехникалық құралдар- көру кемістігі бар мүгедектер үшін, пайдалану мерзімдері 5 жыл.

- тифлотаяқтар -2 жыл;

- оқу машиналары;

- компьютерлік тифлокешен жаңа атауы сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук болып өзгерді;

- Брайль жүйесі бойынша жазу құралы -2 жыл;

- Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;

- рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;

- диктофонның жаңа атауы диктофондыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;

- дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;

- нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;

Жаңадан қосылған құралдардың пайдалану мерзімі – 5 жыл:

- сөз шығаратын термометр;

- сөз шығаратын тонометр;

- тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;

- брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;

- Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;

- көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.

Тифломагнитола тізімен алынып тасталды.

Арнаулы жүріп-тұру құралдары: бөлмелік кресло-арбалар пайдалану мерзімдері -7 жыл, серуендік кресло-арбаларды- 4 жыл.

Протездік-ортопедиялық құралдар- қол мен аяқты немесе дененің басқа да мүшелерін алмастырады.

- қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);

- жілiншiк протездерi;

- жамбас протездерi;

- кеуде бездерінiң протездерi -2 жыл;

- аппараттар, туторлар;

- балдақтар, таяқтар- 1жыл, жетек арбалар- 2 жыл;

- корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

- бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

- ортопедиялық аяқкиім 1,2 топ мүгедектеріне жылына 1 жұп, мүгедек балаларға жылына 2 жұп ( жазғы және қысқы) және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

Жалпы аурудан және бала жасынан болған 3 топтарға 50 пайыздық құн жеңілдігімен беріледі;

- аппараттарға арналған аяқкиім;

Жаңадан қосылған құралдардың пайдалану мерзімі – 5 жыл;

- жейде киюге арналған құрылғы;

- колготки киюге арналған құрылғы;

- шұлық киюге арналған құрылғы;

- түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);

- белсенді ұстағыш;

- ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;

- қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;

- кілтке арналған ұстағыш.

Міндетті гигиеналық құралдар- табиғи физиологиялық мұқтаждықты қанағаттандыруға арналған құралдар.

- несеп қабылдағыштар- несеп жыныс жүйесі бұзылған мүгедектерге арналған -365 дана бір жылғы мөлшері;

- нәжіс қабылдағыштар- ішек ауруы бар мүгедектерге арналғандар үшін - 365 дана;

- жөргектер тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандар үшін- 730 дана;

Жаңадан қосылған құралдар:

- сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – жылына 365 дана;

- катетер-12 дана;

- стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик-12 дана;

- қорғаныш крем-12дана;

- сіңіргіш ұнтақ (опа)-12 дана;

- иісті бейтараптандырғыш-12 дана;

- теріні тазартқыш-12 дана;

- санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық – пайдалану мерзімі 4 жыл;

- дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар-4 жыл;

- жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар-4 жыл.

 

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.


Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 05:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 16:05

Қаралым саны: 1682