Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.10.2017

Қызметтер

Үкіметтік емес ұйымдармен кеңейтілген мәжіліс

05.08.2016

Қазіргі уақытта, Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті 30 елдер қатарына кіруге қатысты міндет қойылған кезде салық саясатын дұрыс жүргізу - мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселеге айналды. Өйткені мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін оның құрамындағы әрбір мекеме, әрбір ұйым, ал өз кезегінде әрбір сол ұйымда қызмет ететін маманның іс-әрекеті мен қызметі де бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы бағытқа негізгі басымдықтар берілген.

Үкіметтік емес ұйымдар - қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. 2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқындады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. 2005 жылы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Заңы қабылданды.


Мақаланың шыққан күні:: 09.08.2016 11:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.08.2016 11:23