Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі»

Кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі» мен «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» арасындағы негіздемелік келісім №1. 2019 жыл 04 қаңтар.

Құрманғазы ауылы.

Құрманғазы аудандық ішкі, мәдениет және тілдерді дамыту саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі және Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұдан әрі тараптар деп аталатындар меритократия қағидаттарын ұсынатындығын,

мемлекеттік кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттілігіне сенімін,

мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне сыбайлас жемқорлық пен непотизмды болдырмауға талпынатынын білдіре отырып,

Төмендегілер туралы келіседі:

мемлекеттік кәсіпорында бос лауазым болған жағдайда, құжаттарды қабылдау аяқталатын уақытынан кемінде екі апта бұрын интернет ресурстарда, оның ішінде рекрутингтік порталдарда конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады;

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынандай мәліметтерді қамтиды:

1) бос лауазымның атауы;

2) орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны, көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы;

3) құжаттарды қабылдау аяқталатын кезі және уақыты;

4) тиісті сала үшін айқындалған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

5) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қоса береді.

мемлекеттік кәсіпорында жұмыс жасайтын қызметкерлерде конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды бере алады.

Конкурс мынандай кезеңдерден тұрады:

1) мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға кандидаттардың өтінімдерін қарау;

2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты конкурс құжаттарымен таныса алады, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.

Қызметкерлерді материалдық көтермелеу меритократия қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойған кезінен бастап күшіне енеді және орындауға міндетті.

Осы келісімді іске асыруда «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде тиісті ішкі актілерді қабылдайды.

Осы Негіздемелік келісімнің орындалуын бақылау Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Жоламанова Зияда Садуахасқызына жүктеледі.

 

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

Ганюшкин ауылдық округі,

Құрманғазы ауданы әкімдігінің

ғимараты,

Телефон: 871233 2-11-35

«Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ З. Жоламанова

«Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімі

мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы

аудандық жастар ресурстық

орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

____________ Н.Бисенгалиев

Телефон: 871233 2-00-89


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 09:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 09:53

Қаралым саны: 584