Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Кадрлық саясатта меритократия қағидаттарын бекіту жөніндегі «Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі»

Кадрлық саясатта меритократия қағидаттарын бекіту жөніндегі «Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

арасындағы негіздемелік келісім №1

Ганюшкин селосы 2018 жыл 19 наурыз

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі және «Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-сі, бұдан әрі Тараптар деп аталынатындар, меритократия қағидаттарын ұсынатындығын,

мемлекеттік кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттілігіне сенімін,

мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінде сыбайлас жесқорлық пен непотизмді болдырмауға талпынатынын біджіре отырып,

төмендегілер туралы келіседі:

мемелекеттік кәсіпорындарда бос лауазым болған жағдайда, құжаттарды қабылдау аяқталатын уақытынан кемінде екі апта бұрын интернет-ресурстарда, оның ішінде рекрутингтік порталдарда конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады;

Конкурс өтукізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) бос лауазымның атауы;

2) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон көрсетілген мемелекеттік

кәсіпорынның атауы;

3) құжаттарды қабылдау аяқталатын кезі және уақыты;

4) тиісті сала үшін айқындалған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар мемелекеттік кәсіпорын басшысының

атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қоса береді.

мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қызметкерлер де конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды бере алады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға кандидаттардың өтінімдерін қарау;

2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты конкурс құжаттарымен

танысыа алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.

Қызметкерлерді материалдық көтермелеу меритократия қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойған кезінен бастап күшіне енеді және орындауға міндетті.

Осы келісімді іске асыруда «Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ (коммуналдық мемлекеттік мекемесі) қол қойған күннен бастап бір ай мерзімде тиісті ішкі актілерді қабылдайды.

Осы Негіздемелік келісімнің орындалуын бақылау «Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы Мұқашев Алмас Қайыржанұлына жүктеледі.

 

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

Ганюшкин селосы Ганюшкин селосы

Тел: 2-00-12 Тел: 2-01-97

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық «Құрманғазы балалар-

дене шынықтыру жасөспірімдер спорт мектебі»

және спорт бөлімі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі

мемлекеттік мекемесі басшысы

басшысы

_____________ А.Мұқашев ________________ А.Ердешов


Мақаланың шыққан күні: 17.04.2018 03:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2018 03:03

Қаралым саны: 1365