Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесі мен «Коммунальдық мемлекеттік кәсіпорын Құрманғазы аудандық ветеринария стансасы»

Кадрлық саясатта меритократия қағидаттарын

бекіту жөніндегі «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесі мен «Коммунальдық мемлекеттік кәсіпорын Құрманғазы аудандық ветеринария стансасы» арасындағы негіздемелік келісім №1

Ганюшкин ауылы 29 наурыз 2018 жыл

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» ММ-сі және «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария стансасы»КМК-ны бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, меритократиялық қағидаттарын ұстанатындығын.

мемлекеттік кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттілігіне сенімін.

мемлекеттік кәсіпорындардың қызыметіне сыбайлас жемқорлық пен непотизмді болдырмауға талпынатынын біле отырып,

төмендегілер туралы келіседі:

мемлекеттік кәсіпорында бос лауазым болған жағдайда құжаттарды қабылдау аяқталатын уақытынан кемінде екі апта бұрын интернет- ресурстарда, оның ішінде рекрутингтік порталдарда конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады;

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынандай мәліметтерді қамтиды:

1) бос лауазымның атауы:

2) орналасқан жері, пошталық мекен жайы,телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы;

3) құжаттарды қабылдау аяқталатын кезі және уақыты;

4) тиісті сала үшін айқындалған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қойылатын негізгі талаптар:

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына өтініш еркін нысанда береді.Өтінішке конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қоса береді.

мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қызметкерлер де конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты,сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды бере алады.

Конкурс мынандай кезеңдерден тұрады:

1)мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға кандидаттардың өтінімдерін қарау;

2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу конкурстың қортындысын шығару;

3)Конкурсқа қатысушылар мен қағидаттар өздеріне қатысты конкурс құжаттарымен таныстырады,сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.Қызметкерді материалдық көтермелеу меритократия қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойған кезінен бастап күшіне енеді және орындауға міндетті.

Осы келісімді іске осыруда «Құрманғазы аудандық ветеринария стансасы» КМК (коммунальдық мемлекеттік кәсіпорын) қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде тиісті ішкі актілерді қабылдайды.

Осы Негіздемелік келісімнің орындалуын бақылау Ә.Әбдірахманға ветеринария бөлімінің басшысына жүктеледі.

 

Ветеринария бөлімінің басшысы: Ә.Әбдірахман

Ветеринария стансасының директоры: А.Бргалиев


Мақаланың шыққан күні: 17.04.2018 02:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2018 02:52

Қаралым саны: 1121