Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

Негіздемелік келісімнің үлгілік нысаны кадрлық саясатта меритократиялық қағидаттарын бекіту жөніндегі «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

Негіздемелік келісімнің үлгілік нысаны кадрлық саясатта меритократиялық қағидаттарын бекіту жөніндегі «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасындағы негіздемелік келісім

Құрманғазы ауданы 2018 жыл 26 наурыз

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі және «Атырау облысы Құрманғазы ауданыдық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, меритократия қағидаттарын ұстанатындығын,

мемлекеттік кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттілігіне сенімін,

мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінде сыбайлас жемқорлық пен непотизмді болдырмауға талпынатынын білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісімті:

Мемлекеттік кәсіпорындарда бос лауазым болған жағдайда, құжаттарды қабылдау аяқталатын уақытынан кемінде екі апта бұрын интернет-ресурстарда, оның ішінде рекрутингтік порталдарда конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады;

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

1. бос лауазымның атауы;

2. орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы;

3. құжаттарды қабылдау аяқталатын кезі және уақыты;

4. тиісті сала үшін айқындалған үлгілік біліктілікті талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

5. конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қоса береді.

Мемлекеттік кәсіпорында жұмыс жасайтын қызметкерлер де конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды бере алады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға кандидаттардың өтінімдерін қарау;

2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу (оның ішінде көп кезеңді эссе жаза отырып, кейстерді шешу және т.с.с.)

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты конкурс құжаттарымен таныса алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.

Қызметкерлерді материалдық көтермелеу меритократия қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойған кезінен бастап күшіне енеді және орындауға міндетті.

Осы келісімді іске асыруда «Атырау облысы Құрманғазы ауданыдық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде тиісті ішкі актілерді қабылдайды.

Осы Негіздемелік келісімнің орындалуын бақылау «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы жүктеледі.

 

Атырау облысы, Атырау облысы,

Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауданы,

Ганюшкин ауылдық округі, Ганюшкин ауылдық округі,

Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Атырау облысы Құрманғазы

әкімдігінің ғимараты, аудандық тұрғын үй, коммуналдық

Телефон: 871233 2-15-55 шаруашылық, жолаушылар көлігі

«Атырау облысы Құрманғазы және автомобиль жолдары бөлімі»

аудандық тұрғын үй, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

шаруашылық, жолаушылар көлігі «Тұрмыстық қызмет» мемлекеттік

және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық кәсіпорнының

мемлекеттік мекемесінің басшысы директоры

 

 

____________________ А.Ажигалиев ____________________ Ж.Шамуратов


Мақаланың шыққан күні: 17.04.2018 02:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2018 02:58

Қаралым саны: 1160