Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Райс Сүндет Қандыбекұлы

Райс Сүндет ҚандыбекұлыҚатысыушының аты-жөні: Райс Сүндет Қандыбекұлы

Кәсіпорын: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы Жаңашаруа қазақ орта мектебі-дене шынықтыру мұғалімі.

Номинация: Өндірістің үздік жас маманы.

Қысқаша сипаттама: Райс Сүндет Қандыбекұлы 1996 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылында дүниеге келген. 2013-2017 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған. Сүндет-белбеу күресінен Қазақстан республикасының қола жүлдегері және Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағы бар.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Жаңашаруа қазақ орта мектебінде Дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Сол жылдан бастап қазірге дейін мектептегі және мектептен тыс қоғамдық,спорттық шараларға белсене қатысады. Сүндет-шәкірт жүрегіне жол таба білген жаңашыл,жаңалыққа жаны құмар ұстаз. Сондай-ақ 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ұлттық ойын» үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Шәкірттері Ахмет Атабек асық атудан аудандық,облыстық жарыстардың жеңімпазы және Бағытжан Айару аудандық, облыстық дзюдодан сайыстардың жүлдегері. Сүндет мінезі ашық,ақкөңіл,ортасында тез тіл табысқыш жан. Мектеп ,аудандық,облыстық байқаулардан жүлдегер атанып, еңбегі еленіп бірнеше дипломдармен марапатталды. 2019 жылы «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» аудандық сайыста I-орын иеленсе, «Жаңа мектеп-жаңашыл ұстаз» жас мамандар сайысында мектепшілік, аудандық кезеңінде I-орын иеленіп, облыстық кезеңде алғыс хат пен марапатталды. Ол оқушы мен ата-ана ықыласына бөленген жас ұстаз.

Қосымша мәлімет: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы.

Ұялы телефон: 8-776-288-19-96


Мақаланың шыққан күні: 24.06.2019 10:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2019 16:31

Қаралым саны: 3606