Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.10.2017

Қызметтер

Аудандық жер қатынастары бөлімі

Бөлім басшысы: Мырзағалиев Ғибрат Ғалымжанұлы

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-19-45

Электронды поштасы: Makhambet-zem@mail.ru

Қабылдау кестесі:

Фамилиясы, аты, әкесінің аты

Қызметі

Қабылдау күндері

Қызмет телефоны

Мырзағалиев Ғибрат Ғалымжанұлы

Бөлім басшысы

Әр аптаның

сейсенбі 900-1200

бейсенбі 1400-1800

8(71236) 2-19-45


 


 

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы: Зулқашев Алтынбек Шәудірұлы

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-19-45

Электронды поштасы: Makhambet-zem@mail.ru


 


 

Бөлім ережесі: «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Махамбет ауданы бойынша жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, №13 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы: Махамбет ауданында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Міндеттері:

1) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

2) ауыл шаруашылығы жерлерін бір түрінен басқа түріне ауыстыру туралы ұсыныстар дайындау;

3) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру.

16. Функциялары:

1) жер учаскелерін беру, алып қою және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі актілердің жобалары мен ұсыныстарын дайындау;

2) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау;

3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

4) ауданның жер балансын жасау;

5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

6) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

7) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

8) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

9) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

10) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

11) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобалары мен жер-кадастрлық жоспарларды бекіту;

12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қорғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

14) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

15) «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде іс қағаздарды жүргізуде құжаттармен қамтамасыз ету:

іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастыру;

қызметтік құжаттарды қарау;

азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрау және алу;

2) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Махамбет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;

3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;

4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. Құрылған жағдайда «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), мекеме мен құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

24. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 12:35
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.04.2017 11:27