Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат жолдайды

«Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №7 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің штат саны 3, азаматтық қызметшілер 4. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімінің 26.02.2019 жылғы №67-ө өкімімен бөлім басшысы Б.Ермеков қызметінен босатылып, бөлім басшысының міндетін уақытша атқару бас маман Н.Исполовқа жүктелді.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бүгінге дейін ешқандай арыз – шағымдар, ұсыныс – пікір түскен жоқ. Сенім телефоны 3-15-11 нөмірі бекітілген. Сенім телефоны тоқсан сайын аудандық газетте жарияланады.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін регламенті мен стандарты стенді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 35 бабы негізінде спорттық разрядтар мен санаттарын беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:34

Қаралым саны: 168