Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарынажәне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының 2018 жылғы 15 маусымдағы №38 бұйрығымен бөлімнің бас маманы Асқар Елшат Асқарқызы тағайндалды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі, өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №15 «Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №47 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 3 бірлік. Бос тұрған лауазым орны жоқ. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

* «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы

Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңы;

* 100 нақты қадам- Ұлтық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

* Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Аудандық ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

2017 жылдың 15 шілдедегі жағдайы бойынша бөлім басшысының 37 бұйрығы қабылданды.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.

Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-16-13 сенім телефоны орнатылған.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында мақалалар жарияланып келеді.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Бөлімде сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген

бөлімнің бас маманы Е.Асқар


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 03:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 03:17

Қаралым саны: 873