Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

«Құрманғазы аудандық cәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың ІІ жарты жылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

«Құрманғазы аудандық cәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарынажәне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының 2017 жылғы 19 маусымдағы №30 бұйрығымен бөлімнің бас маманы Акинов Мейрамбек Жасумирович тағайндалды.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы №15 «Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту» және 2015 жылғы 23 ақпандағы №65 Құрманғазы аудан әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы №15 қаулысымен бекітілген «Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қаңтардағы №21 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны -3 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына -3 адам жіберілді.

Бос тұрған лауазым орны жоқ. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы

Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Кодексі;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасының Заңы;

- 100 нақты қадам- Ұлтық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

- «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығы;

-«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығына, Атырау облысы әкімдігің 2015 жылғы 10 шілдедегі №207 «Сәулет және қала құрлысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №138 қаулысына сәйкес бөлімде келісідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»;

2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;

3) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;

4) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

2018 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша (өсу есебімен) барлығы 1431 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1.«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»-759

2. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»-барлығы-396

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы-282

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы-114

3. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»- 11.

4. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»-265.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ.

2018 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша тікелей бөлім басшысының атына өтініш 2 түсті, сонын ішінде жеке тұлғалардан -2, қаралды, түсіндірілді, заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

2018 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша бөлім басшысының 72 бұйрығы қабылданған, соның ішінде:

Еңбек демалысын беру-7, Бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-13, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-38, жұмысқа алу туралы- 3, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-3, сыйақы беру туралы-5, еңбек демалысынан шақырту туралы-1, жұмыстан босату туралы-2.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.

Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-14-34 сенім телефоны орнатылған. Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартары бөлімнің көрнекі жеріне ілініп қойылған.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мақалалар жарияланып келеді.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Бөлімде сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген

бөлімнің бас маманы М.Акинов


Мақаланың шыққан күні: 19.01.2018 05:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.01.2018 05:15

Қаралым саны: 770